Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қордайда 893,9 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Қордайда 893,9 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Автор
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қордай ауданы әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбайдың қатысуымен брифинг өтті. Баспасөз мәслихатында ауданда жыл басынан бері атқарылған жұмыстар, алдағы жоспарлар туралы толыққанды ақпарат берілді.

Баяндамашының айтуынша, бүгінде аудандағы 41 елді мекеннің 36-сы газбен қамтылған. 2025 жылдың сәуір айында Керу ауылына газ құбырының құрылысы аяқталып, тұрғын үйлерге қосылған. Ал Бел, Мұзбел, Аңырақай, Бәйтерек ауылдарының ауылішілік газ құбыры құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, облыс әкімдігі энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылған екен. Гвардейск қалашығының инженерлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында 6 жоба қолға алынған. 6 жобаның жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу үшін мемлекет тарапынан 242,6 миллион теңге бөлініпті.

Дамира Сүгірбай Мемлекет басшысының 2025 жылға дейін еліміздегі барлық елді мекендерді 100 пайыз сапалы ауызсумен қамту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Қордай ауданында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

– Аудан әкімдігі тарапынан 8,6 миллиард теңгеге 10 ауызсу желілерінің құрылыстары аяқталды. Бүгінгі күнге 4 елді мекенде су құбырының құрылыстары жүргізілуде. Сонымен қатар 10 елді мекенді таза ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу үшін келісімшарт жасалды. Жер мәселесіне келетін болсақ, игерілмеген жерлерді қайтару бойынша 2025 жылы 11 000 гектар жоспарланып, 893,9 гектар мемлекеттік жер қорына қайтарылды. Осы жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ауылдық елді мекендердің даму әлеуетін арттырып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған 12 жоба қолға алынды. Жалпы ұзындығы 24,7 шақырымды құрайтын 42 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылдың 1 маусымына аудан бойынша ресми түрде жұмыссыздар есебінде 1445 адам тіркелген. Жыл басынан 2 675 азамат қайырылып, әлеуметтік қорғау шараларымен 1 744 адам қамтылды. Есепті кезеңде ваканттыұ бос жұмыс орындарына 749 азамат жолданды. Аудан бойынша биыл 100 азаматты қысқа мерзімді оқу курстарымен және 45 азаматты жұмыс орындарында оқумен қамту жоспарланды. Биыл «Бастау бизнес» жобасы бойынша 385 азаматты оқыту жоспарланып, бүгінгі күнге аудан көлемінде кәсіпкерлік негіздері бойынша 139 адам оқуға жолданды. 2025 жылы аудан бойынша 150 азаматты қайтарымсыз мемлекеттік грантпен қамту жоспарланған. Есепті кезеңге 45 азамат грантпен қамтамасыз етілді, –деді Дамира Маратқызы.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар