Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қоғамдық көлікпен қамту мәселесі толық шешіледі

Қоғамдық көлікпен қамту мәселесі толық шешіледі
Автор
Қоғамдық көлік – қала тіршілігінің күретамыры. Өткен жылдан бері Таразда қоғамдық көліктердің санын арттыру, жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар қолға алынған. Бұл бағыттағы 3 жылдық жоспар екі жылда орындалды.

Дегенмен жыл басында Тараз қаласына қосылған 14 елді мекеннің тұрғындары тарапынан соңғы кездері шағым жиілеген болатын. Осы орайда облыс әкімі Ербол Қарашөкеев тасымалдың жай-күйімен танысу үшін Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековпен бірге екі бағыттағы қоғамдық көлікке мініп, тұрғындармен тілдесті.

Талас стансасынан бастап (№62 маршрут) қозғалған алғашқы бағытта облыс басшысы қоғамдық көліктің сапасы, қозғалыс жиілігі мен халықтың жолға жұмсайтын уақыты жөнінде жолаушылардың пікірін тыңдады.

Жолаушылар уақыт жиілігі көңілден шықпайтынын, аялдамалар салу, осы бағыттағы автобустардың санын арттыру мәселелерін көтерді.

Келесі кезекте аймақ басшысы Қызыл Жұлдыз (№1 маршрут) елді мекеніне қатынайтын автобусқа мініп, бұл бағыттағы да ахуалды бағамдады. Ондағы көліктер ескі, тар, халыққа ыңғайсыз екені анық байқалды.

Облыс орталығына жаңадан қосылған алқап тұрғындарынан қоғамдық көлікпен қамтуға қатысты шағым көп. Соны көзбен көру мақсатында бүгін арнайы шықтым. Тұрғындар орынды мәселе көтеріп отыр. Жақында сатып алынатын автобустарды бірінші кезекте осы мәселелерді шешуге, көлік тапшылығы қатты сезілетін аумақтарға беру қажет. Тозығы жеткен аялдамаларды реттеу маңызды, – деген облыс әкімі қала басшылығына нақты тапсырмалар жүктеді. Айта кетейік, өткен жылы қаладағы автобустар саны 330-дан 437-ге дейін, күнделікті қызмет көрсетуге шығатын автобустар саны 270-тен 360-қа дейін артты. Жалпы 2023 жылдан бүгінге дейін Тараздағы қоғамдық көлік парктері 290 жаңа заманауи автобуспен толыққан. 2025 жылдың соңына дейін тағы 70 автобус жеткізіледі деп жоспарлануда. Ол бойынша тұрғындар сұранысына сәйкес жаңа маршруттар ашылып, қаланы қоғамдық көлікпен қамту мәселесі толықтай шешілмек.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар