
Бетті тұмшалауға тыйым салатын заңға қатысты ҚМДБ мәлімдеме жасады, деп хабарлайды arainfo.kz
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) қоғамдық орындарда бетті толық жабатын киімге тыйым салу діни сенімді шектеуге емес, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанын мәлімдеді.
Басқарма өкілдерінің айтуынша, Құран мен хадисте әйелдерге бет-жүзін жабу міндеттелмеген, бұл үрдіс қазақтың дәстүрінде де болмаған.
"Біз еліміздегі мұсылмандардың біртұтас діни бірлестігі ретінде, қоғамдағы тұрақтылық, ынтымақ пен бірлікті басты құндылықтарымыздың бірі деп бағалаймыз. Ислам діні де қоғаммен жарасымды өмір сүруді, тәртіпке бағынып, мемлекеттің тыныштығына үлес қосуды насихаттайды", – деді ҚМДБ баспасөз қызметі.
Айта кетейік, аталған заңға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 30 маусымда қол қойды.
Келесі мақала