
Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды arainfo.kz
2025 жылдың қаңтар–мамыр айларында елімізде 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,1%-ға көп (2024 жылы – 20,3 мың тонна).
Сондай-ақ 2025 жылдың төрт айында елімізге 3 мың тонна балмұздақ импортталды, сырттан әкелінген өнімнің нарықтағы үлес салмағы - 15,4%.
Балмұздақ әкелінетін елдердің алғашқы үштігіне Ресей (1,5 мың. Т), Қырғызстан (1 мың. Т) және Түркия (0,3 мың. Т) кіріп отыр. Сонымен қатар балмұздақ Өзбекстан, Швейцария, Беларус және Италия елдерінен әкелінген.
Аталған төрт айда балмұздақ экспорты 41,6% өсіп, 4,3 мың тоннаны құрады. Өнім негізінен ТМД елдері мен Қытайға жіберілген.
Келесі мақала