Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Енді inDrive пен ҚазАвтоЖол жүргізушілерге жол кедергілері туралы бірлесе ескертеді

Енді inDrive пен ҚазАвтоЖол жүргізушілерге жол кедергілері туралы бірлесе ескертеді
istockphoto.com
Қалааралық.inDrive пен Қазавтожол жолдардағы кедергілер туралы жүргізушілерге ескерту үшін күш біріктірді, деп хабарлайды arainfo.kz

Қалааралық.inDrive қызметі мен «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстан бойынша республикалық маңызы бар жолдардағы шектеулер туралы жүргізушілерді нақты уақытта хабардар етуге бағытталған бірлескен жобаны іске қосты.

Жаңа бастама аясында inDrive пайдаланушылары енді жолдардың жабық учаскелері туралы автоматты ескертулер алады. Шектеулер жөндеу жұмыстарына, қолайсыз ауа райына немесе басқа да жағдайларға байланысты болуы мүмкін. Бұл жүргізушілерге сапарларын тиімді әрі қауіпсіз жоспарлауға мүмкіндік береді.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ «Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы» филиалының директоры Серік Айдос:

– inDrive-пен интеграция республикалық жолдардағы қозғалыс ахуалын жүргізушілерге жедел жеткізуге жол ашады. Әсіресе қыс мезгілінде, ауа райы қолайсыз кезінде, мұндай хабарламалар аса маңызды. Қазіргі таңда жол жағдайы туралы ақпарат 1403 байланыс орталығы, әлеуметтік желілер мен чат-боттар арқылы да таратылады. Ал inDrive-пен бірлескен жұмыс бұл процесті жылдам әрі дәл етуге септігін тигізеді. Бұл – жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі үшін маңызды қадам, – деді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар