Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жаңа рекорд: Талдықорғанда 5 мың домбырашы бір мезетте күй орындады

Жаңа рекорд: Талдықорғанда 5 мың домбырашы бір мезетте күй орындады
gov.kz
1 шілде күні Талдықорған қаласының орталық алаңында Ұлттық домбыра күніне орай «Ұлы дала үні» атты ауқымды облыстық флешмоб өтті, деп хабарлайды arainfo.kz

Шараға 5000-ға жуық адам – кәсіби музыканттар, оқушылар, студенттер және өнер сүйер қауым қатысты. Олар бір мезетте екі күй орындап, ел тарихында бұрын-соңды болмаған музыкалық рекорд орнатты. Жетістік ресми түрде тіркеліп, Қазақстан рекордтар кітабының сертификаты Жетісу облысының әкімдігіне табысталды.

Флешмобқа облыстың барлық аудандары мен ұйымдары белсенді қатысып, ұлттық өнерге деген құрметтерін білдірді. Сонымен қатар, 7 күйші орындаған «Бақтыбайдың әуені» күйі табиғи-тарихи жерлерде бейнебаянға түсіріліп, музыкалық-визуалды клип ретінде ұсынылды.

Шара аясында жыршы Бақтыбай Жолбарысұлының 190 жылдығына арналған «Бақтыбайдың әуені» және күйші Әбдімомын Желдібайдың «Ерке сылқым» күйлері орындалды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл мереке жастарды ұлттық өнерге баулып, мәдени сабақтастықты нығайтуды көздеді. «Ұлы дала үні» флешмобы – дәстүр мен заманауи өнердің үндескен, ұлттық құндылықтарды ұлықтаған айтулы оқиға ретінде ел есінде қалды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар