"Бурабайда" Жұмбақтас жартасына шығуға тыйым салынды, деп хабарлайды arainfo.kz
«Бурабай» ұлттық паркінің хабарлауынша, Жұмбақтас табиғи ескерткішіне кіру уақытша жабылды. Бұл шешім табиғатты қорғау және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.
«Жұмбақтас – тек эстетикалық емес, сонымен қатар мәдени маңызы бар ерекше жартас. Оған шығуға қатаң тыйым салынады. Бұл ережені бұзу – тек қоршаған ортаға зиян келтіру емес, сонымен қатар адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді», – делінген парктың ресми хабарламасында.
Сонымен қатар, белгіленген тәртіпті бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Парк әкімшілігі табиғи мұраға ұқыпты қарауға және ережелерді сақтауға шақырады.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті
- авторAR-AY
- 17 ақпан, 2026
Жаңалықтар
Қазақстандағы ең қарт сотталушы бостандыққа шығуға дайындалып жатыр
- авторAR-AY
- 17 ақпан, 2026




