
Осының негізінде Тараз қаласы No2 соты 2025 жылдың 1-жартыжылдығы бойынша құжаттар айналымы (кіріс, шығыс және ішкі хат-хабарлар) бойынша іс жүргізудің мемлекеттік тілде аткарылуы мен қолданылуына талдау жасады.
2025 жылдың 1-жартыжылдығының статистика бойынша соттың іс жүргізуінде тіркелген кіріс құжаттар саны 7477-ні құраған, олардың 6255-i мемлекеттік тілде жүргізілген, пайыздык көрсеткіш 83,66%-ды құрады. Ал шығыс құжаттар айналымында 8688 кұжат тіркелсе, оның 8657-сі мемлекеттік тілде ресімделіп, пайыздық көрсеткіш 99,64%-ды құраған. Ішкі кұжаттар тізімінде 175 құжат тіркеліп, оның 174-і мемлекеттік тілде жасалып, пайыздық көрсеткіш 99,43%-ға жеткен.
Жоғарыдағы статистикалық көрсеткіштен 2025 жылда ішкі хат-хабарлар мен шығыс кұжаттары айналымының денгейін жалпы жаксы және жоғары деуге болады. Ал, кіріс құжаттар айналымына келгенде мемлекеттік тілге көшу тұрғысында әлі де болса жан-жакпен (мемлекеттік органдар мен мекемелер) жүйелі жұмыс жасау қажеттілігі талап етіледі.
Мемлекеттік тіл денгейін көтеру, насихаттау аясында соттың тарапынан БАҚ аркылы аткаралып жаткан шаралар да бар.
Биылғы жылдың 6 айының өзінде мемлекеттік тілге қатысты дөңгелек үстел, 5 мақала, 2 семинар-сабақ өткізілді. Бұдан бөлек, өзге тақырыптық бағыттарда 3 дөңгелек үстел өткізіліп, 9 мақала жарық көрді, 12 семинар-сабақ ұйымдастырылып, облыстық соттың ФБ сайт-парақшасына соттың іс жүргізуіндегі істер бойынша 9 баспасөз релиздері жарияланды.
Қазақстан Республикасындағы тіл туралы Заңының 4-ші бабына сай, «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» - демекші, соттар арасында хат алмасудың мелмекеттік тілде жүргізілу сапасын жоғарылату біздің ең бірінші кезектегі бакылауымызда тұрған дүние.
Е.Дүйсенбаев,
Тараз қаласы №2 сотының төрағасы