Маусымда теңге әлсіреді: Ұлттық Банк валюта нарығындағы жағдайды қорытындылады
- author AR-AY
- 1 шілде, 2025
- 14

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттықтың орташа күндік көлемі мамырдағы 238 млн АҚШ долларынан маусымда 235 млн долларға дейін азайған. Жалпы сауда-саттық көлемі 4,7 млрд АҚШ долларын құрады.
Өткен айда республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық қордан 800 млн АҚШ доллары сатылды. Бұл жалпы сауда көлемінің 17%-ын немесе күн сайын шамамен 40 млн долларды құрады.
Шілде айында Ұлттық қордан 600–700 млн АҚШ доллары көлемінде валюта сатылуы мүмкін. Сонымен қатар, «айналу» операциясы аясында маусымда 213 млрд теңгеге балама валюта сатылса, шілдеде бұл көрсеткіш 290 млрд теңгеге дейін жетуі жоспарланып отыр.
Маусым айында Ұлттық Банк валюталық интервенция жүргізген жоқ. Ал квазимемлекеттік сектор өкілдері міндетті сату аясында шамамен 322 млн АҚШ долларын нарыққа шығарды.
БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфелін әртараптандыру мақсатында Ұлттық Банк маусымда биржада 188 млн АҚШ доллары көлемінде шетел валютасын сатып алды. Бұл сауда-саттықтың жалпы көлемінің шамамен 4%-ын құрайды.
Шілдеде бұл көрсеткіш 100 млн АҚШ долларынан аспайды деп жоспарланып отыр. Ұлттық Банк валюта нарығындағы операциялар бойынша ашықтықты қамтамасыз етіп келеді және теңгенің икемді бағамын сақтау ұстанымынан айнымайтынын мәлімдеді. Қысқамерзімді перспективада теңге бағамына нарық қатысушыларының күтулері, салық төлемдері, жаһандық нарықтардағы ахуал мен геосаяси жағдайлар әсер етеді.