Жаңалықтар
Жамбыл облысында мал азығы ұнын өндіретін зауыт іске қосылады
- author AR-AY
- 23 маусым, 2025
- 202
Жамбыл облысында жылына 120 мың тонна өнім өндіретін мал азығы ұны зауыты іске қосылады, деп хабарлайды arainfo.kz
Өңірде ірі және ұсақ малға арналған мал азығы ұнын өндіру бойынша инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Шикізат ретінде бидай, арпа және жүгері пайдаланылатын болады.
Жаңа зауыттың жобалық қуаты – жылына 120 000 тонна дайын өнім.
Бұл өңірдегі сапалы мал азығы өндірісінің көлемін айтарлықтай арттырып, құрамажем импортына тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.
Жобаның құны – 980 миллион теңге. Өндірістік желіні пайдалануға беру 2026 жылдың наурызына жоспарланған.
Кәсіпорынның іске қосылуы мал шаруашылығының дамуына оң әсер етіп, жаңа жұмыс орындарын ашып, Жамбыл облысының агроөнеркәсіптік кешенінің өндірістік әлеуетін нығайтады деп күтілуде.
Келесі мақала
Жамбыл облысында аяқ киім цехы ашылды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізді
- авторAR-AY
- 15 қараша, 2025




