Қазақстан колледждерінде алғаш рет студенттерді халықаралық сертификаттау басталды
- author AR-AY
- 23 маусым, 2025
- 33

Халықаралық деңгейдегі кәсіби сертификаттар енді қазақстандық колледж студенттеріне қолжетімді. Certiport платформасы негізінде сертификаттау жүйесі пилоттық режимде еліміздің бес колледжінде енгізіліп, алғашқы ресми тестілеу орталығы «Talap» КЕАҚ базасында ашылды.
Certiport — Ұлыбританиялық Pearson компаниясының құрамына кіретін, цифрлық технологиялар мен кеңсе бағдарламалары саласында маманданған халықаралық платформа. Оның сертификаттары АҚШ, Канада, Еуропа, Азия, Австралия және Таяу Шығыс елдерімен қоса, әлемнің 152 мемлекетінде мойындалған.
«Қазір колледж түлектерінен тек диплом емес, нақты дағдыларын растайтын құжат та талап етіледі. Халықаралық сертификаттау олардың мансаптық мүмкіндіктерін кеңейтеді», — деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.
Алғашқы емтихан сессиясы ASTANA POLYTECHNIC жоғары колледжінде өтті. Нәтижесінде төрт студент — Дмитрий Карпюк, Арсений Цыплаков, Рашид Хисматуллин (киберқауіпсіздік саласы) және Әдемі Қабдолла (JavaScript бағдарламалаушы) — өз кәсіби құзыреттерін дәлелдеп, халықаралық сертификаттарға ие болды.