ІІМ: Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты 50-ден астам қылмыстық іс қозғалды
- author AR-AY
- 22 маусым, 2025
- 102

Жыл басынан бері қылмыстық құрылымдардың басшылары мен қатысушыларына қатысты 51 қылмыстық іс қозғалды.
Алматы қаласында күзет қызметі түрінде әрекет еткен, бірақ шын мәнінде бұзақылық, бопсалау және қару сақтаумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты тергеу жүріп жатыр. Олардың заңсыз әрекеттері қаңтар айында тоқтатылған.
Сондай-ақ, трансұлттық сипаттағы жеті ұйымдасқан топ пен бір қылмыстық қауымдастыққа қатысты істер тергелуде. Қазақстанда алғаш рет трансұлттық қылмыстық қауымдастық құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл істерге ел ішінде және шетелде ауыр қылмыстар жасаған 150-ден астам адам тартылып отыр.
Соңғы екі жылда 90-нан астам қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды. 13 топқа қатысты сот үкімдері шығып, 130-дан астам адам 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Мысалы, "Qarmet" АҚ-нан ұрлық жасаған топтың 24 мүшесі сотталып, оның басшысы 12 жылға қамалды.
Ұйымдасқан және трансұлттық қылмыспен күрес ІІМ-нің ерекше бақылауында.