Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Өңір экономикасы әртараптандырылуда

Өңір экономикасы әртараптандырылуда
Автор
Өңір экономикасын дамытудың бір жолы – облыстың экспорттық әлеуетін арттыру, инвесторлар тарту ісін жандандыру. Бұл бағытта шикізаттық емес, яғни қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту арқылы Жамбылда жасалған тауарларды шетелдік нарықтарға шығарудың маңызы зор.

ЭКСПОРТТЫҚ ӘЛЕУЕТІМІЗ КҮШЕЮДЕ

Облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлнұр Жорабекованың сөзіне сүйенсек, бұл ретте өңірде аталған салаға серпін берерлік бастамалар жүйелі түрде жүзеге асып келеді.

– Облыс экономикасының негізгі бағыттарының  бірі – өнеркәсіп саласы. Қазіргі таңда өнеркәсіп саласында 881 кәсіпорын жұмыс істеп жатса, оның 18-і ірі, 24-і орта, 839-і шағын өндіріс нысаны. Өнеркәсіп саласы арқылы 45 мың 700 адам жұмыспен қамтылған. 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары арқылы 289 миллиард теңгеге өнім өндіріліп, 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 124,3 пайызды құрады. Өнеркәсіп өнімінің едәуір  өсуі тау-кен өндіру саласында 46,5 пайызға, өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемінің 20,9 пайызға артуы  арқылы қалыптасып отыр. Өнеркәсіп кәсіпорындарында өнім көлемінің артуы облыс бойынша өңделген тауарлар экспортының ұлғаюына септігін тигізді. Осы жылдың қаңтар-ақпан айларында шикізаттық емес тауарлар экспортының көлемі 4,5 есе артып, 63,5 миллион АҚШ долларын құрады. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан экспорттаушы кәсіпорындарды қолдау бойынша бірқатар жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, облыста экспорттық әлеуетті арттыру бағытында өңірдегі кәсіпорындармен жұмыс бір жүйеге қойылған. «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы арқылы өткен жылы өңірлік компаниялардың шығындары 122,3 миллион теңгеге өтелді. Казіргі таңда облысымыздың бірқатар кәсіпорындары өз өнімдерін сыртқы нарықтарға экспорттап жатыр. Нақты айтар болсақ, тамақ өндірісі саласында «KazIrAgro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мақсары майын Қытай, Ресей, Чехия, Өзбекстанға жөнелтуде. «Сәуле» кондитерлік фабрикасы» ЖШС Тәжікстанға, Грузияға, Қырғызстанға кондитерлік өнімдерін, «Мерке ет» ЖШС Иран, Бахрейнге ет, «Берсанукаев» ЖШС Ресейге шұжық өнімдерін, «Бурненская молочная компания» ЖШС Ресейге ірімшік өнімдерін экспорттауда. Химия өндірісі саласында «Talas Investment Company» ЖШС Тәжікстанға натрий цианидін, «Казфосфат» ЖШС минералды тыңайтқыштарды алыс және жақын шетелдер нарығына шығаруда. Құрылыс индустриясы саласында «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС Қырғыз Республикасына цемент жөнелтсе, «Ақтас» ЖШС әктас жіберуде. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан тауар өндіруші кәсіпорындарды қолдау бойынша облыстың отандық тауар өндірушілерінің каталогы әзірленіп, каталог республикамыздың ірі кәсіпорындарына, облыстық әкімдіктерге және өңірлік кәсіпкерлер палатасына жолданды. Тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларының бірі – мемлекеттік тапсырыспен қамтамасыз ету. 2025 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына кіретін өнеркәсіптің сегіз саласы бойынша мемлекеттік сатып алу 7,41 миллиард теңге көлемінде жоспарланған. Облыстағы мемлекеттік мекемелердің тапсырған есептеріне сәйкес, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу көлемі – 2,48 миллиард теңгені, ал оның ішінде жергілікті қамту үлесі – 49,2 пайызды (1,22 миллиард теңге) құрады. Атап айтқанда, жеңіл өнеркәсіпте – 29,2, жиһаз бойынша – 72, құрылыс материалдарына қатысты – 21,2, химия өнеркәсібі бойынша – 39,8, азық-түлік тауарлары бойынша – 61,6, машина жасау саласы бойынша –14,4, фармацевтика саласы бойынша – 28,4, қағаз өндірісінде 35,9 пайыз болып отыр,–дейді Гүлнұр Қойшыбекқызы.

Кәсіпкерліктің орнықты өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша да аталған салада мемлекеттік қолдаудың бірнеше түрі жүзеге асырылып келеді екен. Мәселен, соның бірі – сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау. Сонымен қатар кредиттер бойынша кепілдіктер беру, инженерлік инфрақұрылымды жүргізу, мемлекеттік гранттар ұсыну, жеке кәсіпкерлік немесе заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне еңгізу секілді жұмыстар да мемлекеттік қолдау құралдары қатарына жатады. Оның ішінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау дегеннің не нәрсе екеніне тоқталсақ, кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы аясында кәсіпкер екінші деңгейлі банктен мөлшерлемесі 8 пайызға дейін мемлекет тарапынан субсидияланған несие ала алады. Субсидиялау мерзімі – 5 жылға дейін. Ал кредиттер бойынша кепілдіктер беру құралы арқылы кәсіпкер несие алуға кепілдігі болмаған жағдайда мемлекет өз тарапынан ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін кепілдіктің 85 пайызына дейін кепіл болады. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін 50 пайызға дейін кепілдік беріледі. Инженерлік инфрақұрылымды жүргізу шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне экономиканың басым секторларында, өңдеу өнеркәсібінің салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде жүзеге асырылады. Сондай-ақ жобаларын моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде іске асыратын кәсіпкерлер үшін де осы қолдау түрі қарастырылған.

Бұдан бөлек әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері реестріне кірген кәсіпкерлер және «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері саналатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 5 бес миллион теңгеге дейін өтеусіз негізде грантқа ие болады.

Жыл басынан бастап кәсіпкерлерді әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу бойынша да тиісті жұмыстар өз деңгейінде атқарылуда. Әлеуметтік кәсіпкерліктің негізгі мақсаты – халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу. Бұл ретте халықтың осал топтарына қоғамдық пайдалы қызметке қатысу үшін басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасау маңызды. Әлеуметтік осал топтағы азаматтарды жұмыспен қамтуға ықпал ететін кәсіпкерлер әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне ене алады. Бұл тізімге еңген кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан толыққанды қолдау көрсетіледі. Мысалға, кәсіпкердің керекті инфрақұрылымының болуы қамтамасыз етіледі. Салықтық жеңілдіктер жасалып, қаржылай қолдау көрсетіледі. Әлеуметтік осал топтағы азаматтар санатына мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналар, зейнеткерлер және зейнеталды жастағы азаматтар, отбасы үлгісіндегі балалар ауылдарының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері жатады. Бұған қоса осы тізімге қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдар (босатылғаннан кейін он екі ай ішінде), белгілі бір тұрғылықты жері жоқтар, аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналар кіреді. Сонымен қатар наркологиялық науқастарды медициналық әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдар мен қандастар да халықтың осал тобына жататын азаматтар санатында.

 

ИНВЕСТОР ТАРТУДЫҢ ПАЙДАСЫ МОЛ

Облысқа сырттан немесе өз еліміздегі, өңірдегі қалталы азаматтардың қаржысын тарту өндірісті өркендететіні анық. Сонымен қатар бұл жаңа жұмыс орындарын ашудың тиімді жолы. Аталған бағытта инфрақұрылымды жақсарту мен инвесторларға қолайлы жағдай жасауға ерекше мән берілуде. Өңірде 2023-2024 жылдар аралығында құны 289,6 миллиард теңгеге 48 инвестициялық жоба іске асырылып, 2003 жаңа жұмыс орны құрылыпты. Бұрнағы жылы 75,6 миллиард теңгеге 550 жұмыс орнын аша отырып, 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылған екен.

–«АлашПром» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі автоклавты газдалған бетон жобасын жүзеге асырды. Оның құны – 2,4 миллиард теңге. Жобаның қуаттылығы 50 мың текше метр, осы арқылы 29 жаңа жұмыс орындары ашылды. «SUPER PHARM» ЖШС шприц өндірісін қолға алған болатын. Жобаның құны 1,5 миллиард теңге. Жоба жылына 250 миллион дана өнім шығаруға арналған. Бұл жоба арқылы 90 адам жұмыспен қамтылды. «Таразский арматурный завод» ЖШС құрылыс арматурасын өндіреді. Жобаның құны – 2 миллиард теңге. Жобаның қуаттылығы 200 мың тонна. Мұнда 160  жаңа жұмыс орны ашылды.  «Джон Бан МеталлПром» ЖШС цинк оксидін өндіреді. Құны 10 миллиард теңгелік жоба бойынша 7,5 мың тонна өнім шығару мақсат етіліп, 10 жаңа жұмыс орны ашылды. «Алель Агро» акционерлік қоғамы кешенді азықтандыру зауытын іске қосты. Құны 3 миллиард теңгені құрайтын жобаның қуаттылығы 54 мың тонна, нәтижесінде 30 адам жұмыспен қамтылды. «KazStonebox» ЖШС гофр картоннан қаптама өндіру ісін жолға қойды. 1,7 миллиард теңгеге бағаланған жоба жылына 10 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы, 20 адамға тұрақты жұмыс берілді. «Құлан профнастил» ЖШС гофрленген тақтайшалар мен плиткалар өндірісін игерді. 16,2 миллион теңгеге жүзеге асқан жобаның өндірістік қуаты – 500 текше метр, осы арқылы 4 жаңа жұмыс орны ашылды. «Парус-Т» ЖШС минералды су құю зауытын пайдалануға берді. Қуаттылығы сағатына 3 мың литрді құрайтын кәсіпорынға 200 миллион теңге инвестиция салынып, 15 жұмыс орны құрылды. «Алатау сүт өнімдері» ЖШС автоклавты газдалған бетон шығара бастады. 2,4 миллиард теңгелік жобаның қуаттылығы 50 мың текше метр болып, 29 тұрғын еңбекпен қамтылды. «Новотекс» ЖШС қуаттылығы 4,5 мВт болатын жаңартылатын энергия көздерін өндіретін стансаны іске қосты. Жоба құны – 1,8 миллиард теңге болса, аталған жобаның арқасында 12 адам жұмысқа орналасты. «Asia NST Group» ЖШС мәрмәр ұнтағын өндіру жобасын жүзеге асырды. 100 мың тонна өнім беретін өндіріс орны 476 миллион теңгеге салынып, 35 жаңа жұмыс орны ашылды. «Мухиев Есей» жеке кәсіпкерлігі темірбетон конструкцияларын шығаратын зауытты іске қосты. Құны 500 миллион теңге болатын кәсіпорын жылына 62,4 мың текше метр өнім өндіреді. Қазіргі таңда бұл зауыт 100 адамды жұмыспен қамтып отыр. «Шокпар ЖЭС» ЖШС қуаты 100 мВт болатын жаңартылатын энергия көздеріне негізделген станса салды. 50 миллиард теңгелік жоба аясында 30 адам еңбекпен қамтылды, – дейді аталған басқарма басшысының міндетін атқарушы.

2024 жылы облыста жалпы құны 214 миллиард теңгені құрайтын 35 инвестициялық жоба іске асып, 1453 жаңа жұмыс орны ашылған екен. Тарқата айтқанда, «BNK Leasing» ЖШС ауылшаруашылық техникасына қызмет көрсететін сервистік орталықты іске қосқан. 400 миллион теңге инвестиция тартылып, жылына 100 дана техникаға қызмет көрсету көзделіп, 19 адам жұмыспен қамтылыпты. «KazIrAgro» ЖШС Иран Ислам Республикасымен бірлесіп мақсары майын өндіретін зауыт ашқан. Жоба қуаттылығы – 3,2 мың тонна, құны – 800 миллион теңге. Соның нәтижесінде 20 жұмыс орны құрылған. «АЕК АСА/Отан Пауэр» ЖШС былтыр мамыр айында ресейлік инвестиция арқылы 20 мВт қуатқа ие күн электр стансасын іске қосыпты. 7 миллиард теңге құйылып, 5 адам жұмыспен қамтылған. «ZHANASHYR PROJECT» ЖШС «Жайсан» кен орнында өнеркәсіпті игеруді қолға алыпты. Жылына 600 мың тонна өнім өндіруге бағытталған жобаға 67,26 миллиард теңге жұмсалып, 100 адам жұмысқа орналасқан. «Корпорация Казахмыс» ЖШС Шатыркөл-Жайсан кластерінде байыту фабрикасын салған. 55,7 миллиард теңгеге салынған кәсіпорын жылына 1,2 миллион тонна өнім өндіруге қауқарлы. Осы арқылы 100 жұмыс орны ашылған. «ТСЕД Гроуп» ЖШС қиыршық тас өндіретін зауытты пайдалануға беріпті. Құны 250 миллион теңгені құрайтын өндірісте қазіргі таңда 10 адам еңбек етуде. «KOKSAI RESORT» ЖШС өңірлік туризмді дамыту мақсатында «Көксай» туристік базасын іске қосып, 3 миллиард теңгелік жоба аясында 13 адамды жұмысқа тартқан. «Мол Даму» ЖШС сүт өңдеу цехын іске қосыпты. 300 миллион теңгелік кәсіпорын жылына 7 мың тонна өнім өндіреді. Осы жоба аясында 12 адамға жұмыс берілген. «KazAquaAlliance» ЖШС сазан балықтарын өндіруге бағытталған жобаны жүзеге асырған екен. 250 миллион теңгеге салынған нысан жылына 500 тонна өнім беріп, 17 жұмыс орны ашылған. «Merke Industry» ЖШС жиһаз шығаратын «Zeta» цехын іске қосқан. 3 миллирд теңгеге инвестиция тартылып, жоба аясында 1500 дана жиһаз өндірісі мен 50 жұмыс орны қамтамасыз етіліпті. «Асылов Абай Ногаевич» жеке кәсіпкерлігі «Таскөл» демалыс кешенін ашып, туристерге жайлы жағдай жасаған. 500 миллион теңгеге салынған кешенде бүгінде 9 адам жұмыс істеп жүр. «Мухиев Е.» жеке кәсіпкерлігі де демалыс кешенін іске қосыпты. Бұл жоба аясында 50 адам тұрақты жұмысқа орналасса, оның жалпы құны – 500 миллион теңге. «Алель агро» акционердік қоғамы 30 миллион инкубациялық жұмыртқа өндіретін инкубатор құрылысын аяқтапты. 4 миллиард теңгеге бағаланған нысанда 30 жаңа жұмыс орны ашылған. «Тоқтасын агро» шаруа қожалығы инфрақұрылымы бар жаңбырлатып суару жүйесін қолданысқа енгізген. Жобаның құны 100 миллион теңге болса, нәтижесінде 1 жұмыс орны құрылған. «Тастөбе» шаруа қожалығы алқапты жаңбырлатып суару технологиясын қолдану арқылы егін шаруашылығын жақсартуда. Ол үшін 60 миллион теңге инвестиция құйылып, 7 адам жұмыспен қамтылған. «Қызыл Дихан» өндірістік кооперативі де осындай суару жүйесін орнатып, ауылшаруашылық саласының тиімділігін арттырған. Жобаның құны – 60 миллион теңге. 5 адам еңбекке тартылған. «Азия сад» ЖШС 2,6 миллиард теңгеге жеміс сақтайтын қойма салып, онда 10 жұмыс орны құрылыпты. «Smart Agro Karkara» ЖШС жаңбырлатып суару жүйесін 800 миллион теңгеге орнатып, ауылшаруашылық саласындағы еңбек өнімділігінің тиімділігін арттырса, жоба аясында 5 адам жұмысқа орналасқан. «Qyzylsha Zher» ЖШС қант қызылшасына арналған спринклер жүйесін енгізіпті. Құны 2,48 миллиард теңгеге тең жоба арқылы 5 жұмыс орны ашылыпты. «Chemical Engineering» ЖШС аммоний бифториді өндірісін бастапты. Жобаның құны – 250 миллион теңге. «Каратау Кемикалс» ЖШС Түркия инвесторының қатысуымен Қаратауда натрий пиросульфитін өндіретін зауыт салған. Оған 2,8 миллиард теңге тартылып, 25 мың тонна өнім шығаруға мүмкіндік туған. Осы арқылы 30 адамға жұмыс берілген. «KORCEM» ЖШС сингапурлық инвестормен бірігіп 1,2 миллион тонна цемент өндіретін зауыт құрылысын қолға алыпты. 50 миллиард теңгелік жобада 200 жұмыс орны қарастырылған. «Айымкүл» жеке кәсіпкерлігі көкөніс сақтау қоймасын іске қосқан. Жобаның құны 930 миллион теңге болса, 5 адам тұрақты жұмысқа қол жеткізген. «Ауыл Береке» ЖШС ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдеп, консервіленген шырын өндіру ісін қолға алған екен. Құны 300 миллион теңгеге құрылған кәсіпорында 10 жұмыс орны бар. «Қарымсақ Арзан Сити 3» жеке кәсіпкерлігі жол бойындағы қызмет көрсету нысанын іске қосыпты. 700 миллион теңгеге бағаланған жоба аясында 15 адам жұмыспен қамтылған. «Каусар» шаруа қожалығы да көкөніс сақтау қоймасын салып, 350 миллион теңгеге 5 адамға жұмыс берген. «Софи» жеке кәсіпкерлігі жол бойындағы сервис нысанын 250 миллион   теңге жұмсау       арқылы       іске    қосыпты.

«КазКаспиГидроСельхозТехнология» ЖШС тамшылатып суару жүйелерін өндірумен айналыса бастаса, жобаның жалпы құны 2,8 миллиард теңгеге бағаланған. «Аксай Жуалы» ЖШС алкогольсіз өнімдер цехін іске қосқан. Қуаттылығы – 360 мың дана өнім, құны – 400 миллион теңге, 15 адам жұмысқа орналасқан. «Элнур Адил Групп» ЖШС астық сақтау және макарон өнімдерін өндіру ісін қолға алыпты. 1,3 миллиард теңгеге бағаланған жоба аясында 64 жұмыс орны ашылған. «Ынтымақ» шаруа қожалығы 20 миллион теңгеге көкөніс қоймасын іске қосып, 5 адамды жұмыспен қамтыпты. «Арқабаев Б.С.» шаруа қожалығы  мал бордақылау мен мал сою алаңын салып, 150 миллион теңгелік жоба аясында 3 адамға жұмыс берген. «Жамбыл БТТ»  шаруа қожалығы  78 миллион теңгеге су үнемдеу технологиясын енгізіп, 18 жұмыс орнын құрған. «SUPER PHARM» ЖШС бір реттік медициналық бұйымдар өндірісін жолға қойыпты. 2,5 миллирд теңгеге салынған кәсіпорында 45 адам еңбек етуде. «БМ агропродукт» ЖШС ет бағытындағы құс фабрикасын іске қосқан. 250 миллион теңгелік жобаның арқасында 15 адам жұмысқа орналасқан.

 

БИЫЛ БІРНЕШЕ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

Облыста 2025-2028 жылдар аралығында жалпы құны 3,7 триллион теңге болатын 62 жобалық пул қалыптастырылыпты. Оның ішінде 2025 жылы 175,2 миллиард теңгеге 1133 жұмыс орнын құра отырып, 30 инвестициялық жоба жүзеге асырылған екен.

– Биыл «Алель Агро» акционерлік қоғамы құс фабрикасының жаңа желісін іске қоспақ. Жылдық қуаты – 4 600 тонна. Жоба аясында 50 адам жұмысқа орналаспақ. Жоба құны – 2,6 миллирд теңге. Сүт өнімдерін өңдеумен айналысатын «Нұрлыжай» жеке кәсіпкерлігі 950 миллион теңгеге кәсіпорын ашты. Күн сайын 10 тонна өнім шығаруға қауқарлы. Жаңа цехта 40 адам еңбек етеді. «Кемер Агро» серіктестігі қой жүні мен тауық көңінен тыңайтқыш жасап шығаратын өндірісті қолға алды. 300 миллион теңге көлеміндегі жобаның қуаттылығы – 10 мың тонна. Осы арқылы 21 адамға жұмыс берілді. Газдалған бетон өндіру ісіне ден қойған «KazGazBlock» серіктестігі 1,2 миллиард теңгеге зауыт тұрғызып, жылына 100 мың текше метр өнім шығармақ. 21 адам еңбекке тартылған. «Алель Агро» компаниясы тағы бір ірі жобасын жүзеге асырып жатыр. Бұл жолғысы – құс соятын цех. Ай сайын 5 мың тонна өнім шығару көзделген. Құны 16 миллирд теңгенің жобасында 50 адамға жұмыс бар. «RICH GOLD» компаниясы алма өнімдерін терең өңдеп, консервіленген шырын шығарады. Жоба құны – 480 миллион теңге. Жылына 350 тонна өнім өндірілмек. 10 жұмыс орны ашылды. Қытырлақ нан (крекер) өндірумен айналысатын «UpAdal» серіктестігі 250 миллион теңгеге зауыт салды. Кәсіпорын жылына 200 тонна өнім береді. 18 адам жұмыспен қамтылған. Жабық форматтағы аквапарк салған «ЭФЕН» компаниясының жобасы 1,5 миллиард теңгеге бағалануда. Нысан бір мезетте 200 адамға қызмет көрсете алады. 15 адам еңбек етеді. «KazGeoEnergy» компаниясы әк өндіретін зауыт салды. Жоба құны – 900 миллион теңге. Жылдық өнім көлемі – 80 мың тонна. 10 жұмыс орны қарастырылған. Құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын «Alit Holding» кәсіпорны өндірістік цех салып, 3,6 миллирд теңге инвестиция тартты. Жобаның қуаты – 149 мың тонна. 96 адамға жұмыс берілді. Көкөніс сақтайтын қойма құрылысын қолға алған «Тараз-ЦементСтрой» серіктестігі 900 миллион теңгелік жобаны іске асыруда. Қойманың сыйымдылығы – 10 мың тонна. 10 адам еңбекке тартылды. «Азнур Агро» серіктестігі 400 бас малға арналған тауарлы-сүт фермасын іске қосты. Жоба 1,8 миллирд теңгеге бағаланған. Күніне 8 мың тонна сүт сауылады. 15 адам жұмыс істейді. «Момбек» шаруа қожалығы 612 басқа арналған сауын сиыр фермасын ашты. Құны – 2,9 миллиард теңге. Күніне 10 мың тонна сүт өндіріледі. 15 адам еңбекпен қамтылған. Құс еті бағытында өнім өндіретін «Рыжибаев» шаруа қожалығы жылына 240 мың тауық өсіруді көздеп отыр. Жобаға 480 миллион теңге бөлінген. 10 жұмыс орны ашылады. Көкөніс сақтау қоймасын ашқан «ALIZA» серіктестігі 900 миллион теңге инвестиция салды. Қойманың сыйымдылығы – 10 мың тонна. 8 адам тұрақты жұмысқа орналасады. Жол бойындағы сервистік қызмет көрсету кешенін салған «Таң» шаруа қожалығы жылына 45 мың қонақ қабылдамақ. 600 миллион теңгелік жоба аясында 5 адам еңбек ететін болады. «TRZ Agro» серіктестігі де көкөніс сақтайтын қойма салып отыр. Жоба құны – 1,6 миллиард теңге. Қуаттылығы – 5 мың тонна. 25 жұмыс орны қарастырылған. «ТаразСтрой 2004» пен «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы бірлесіп, сыйымдылығы күніне 500 адамға арналған қойманы іске қоспақ. Құны 6,3 миллиард теңге болатын жоба аясында 50 адам жұмыспен қамтылады. «Taraz Eko Fish» компаниясы форель өсіру шаруашылығын дамытып, консерві цехын іске қоспақ. 141 миллион теңгеге бағаланған жобада 67 тонна өнім өндірілмек. Алдағы уақытта 3 адам жұмыс істейді. «Нұрсултан» шаруа қожалығы кэмпинг ұйымдастырып, күн сайын 300 адамға дейін қабылдауды жоспарлап отыр. Жоба құны – 300 миллион теңге. 16 жұмыс орны ашылады. Мыс кенін үймелі шаймалау әдісімен өңдейтін зауыт құрылысын қолға алған «Shagala Mining» компаниясы 29,5 миллиард теңге инвестиция тартты. 100 жұмыс орны құрылады. Құрамында алтын бар кен өндіру ісімен айналысатын «Аметист-2012 БР» серіктестігінің жобасы 2 миллиард теңгеге бағаланған. Жылына 80 келі алтын өндіріледі. 50 адам жұмысқа қабылданады. Балық өнімдерін өңдейтін цех ашқан «Максутова» жеке кәсіпкерлігі 260 миллион теңге инвестиция салды. Қуаттылығы – 1 156 тонна. 10 адам тұрақты жұмысқа тартылады. «ЕвроХим-Тыңайтқыш» компаниясы минералды тыңайтқыштар шығаратын ауқымды өндірісті іске асырып отыр. Бірінші кезеңге – 82,5 миллиард, екінші кезеңге – 417,5 миллиард теңге қарастырылған. Мұнда 500 жұмыс орны бар. Цемент өндірісін дамытқан «KAZCHEMTRAIDING» компаниясы 4,5 миллиард теңгеге зауыт ашпақ. Жылдық қуаты – 400 мың тонна. Зауытта 100 адам еңбек ететін болады. «NOMAD AQUA INVEST» серіктестігі балыққа арналған жем өндірісін қолға алды. 300 миллион теңгелік жобада 10 адамды жұмыспен қамту қарастырылған. Жол бойында қызмет көрсетуді қолға алған «Софи» кәсіпкерлігі 250 миллион теңге инвестиция тартты. 15 адам еңбекке тартылады. «Каратау Line» компаниясы 75 мың тонна әк өндіретін кәсіпорын ашпақ. Жоба құны – 2 миллиард теңге. 60 жұмыс орны құрылады. Теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрам шығаратын зауыт құрылысын бастаған «Электровоз Құрастыру Зауыты» серіктестігі бұл іске 5 миллиард теңге бағыттап отыр. Жылдық қуаты – 250 бірлік. 50 адам жұмыс істейді деп күтілуде. «Zhambyl Minerals» серіктестігі «Аққұдық» кен орнын өнеркәсіптік игеруге кірісті. Жобаға 5 миллиард теңге бөлінді. Жылына 500 мың тонна өнім өндіріледі. 50 адам еңбекпен қамтылады, – дейді Г.Жорабекова.

Байқағанымыздай, облыс әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы жаңа жобалардың тиімді іске асуына ұйытқы болуда. Бұл басқарманың үйлестіруімен салаға тың серпін беретін жұмыстар жалғасын таба береді.

Нұрым СЫРҒАБАЕВ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар