Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Халық қаһарманын еске алды

Халық қаһарманын еске алды
Автор
Жыл сайын полиция қызметкерлері Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың қаза тапқан күніне орай арнайы еске алу шараларын өткізеді.

Дәстүр бойынша биылғы еске алу күні Бауыржан Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағындағы Халық Қаһарманының ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Іс-шараға облыстық полиция департаментінің бастығы Қайсар Сұлтанбаев, ішкі істер органдарының ардагерлері мен жеке құрам қатысты.

– Ел бейбітшілігі мен қауіпсіздігі жолында қаза болған полиция қызметкерлерінің есімі ешқашан ұмытылмайды. Олардың ішінде террористі құрықтау кезінде өз кеудесін оққа тосып, көзсіз ерлік көрсеткен полиция капитаны Ғазиз Байтасов та бар. Оның жанқиярлығы кейінгі ұрпаққа, әріптестеріне мәңгілік үлгі-өнеге болып қала бермек, – деді Қайсар Әбілекұлы.

Қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан батырларды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланып, аспанға оқ атылды. Сондай-ақ бұл күні Тараз қалалық полиция бөлімі патрульдік полиция батальонының қызметкерлері – батыр полицейдің әріптестері оның қайтыс болған жеріне гүл шоқтарын қойып, рухына құрмет көрсетті.

Ақтоты ЖАҢАБАЙ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар