Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Астана LRT» компаниясының бұрынғы басшысы ұсталды

«Астана LRT» компаниясының бұрынғы басшысы ұсталды
primeminster.kz
Түркияда Astana LRT компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды,деп хабарлайды arainfo.kz

Астана LRT компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан Түркияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланбақ. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Мәліметке сәйкес, 2025 жылғы 9 мамырда Анталья соты Арданды Қазақстанға депортациялау туралы шешім қабылдаған. Қазіргі уақытта ол қамауда, ал Қазақстанның құзырлы органдары оны елге қайтару бойынша құқықтық рәсімдерді бастады.

Айта кетейік, Талғат Ардан 2019 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген. Бұған дейін сот оны Қылмыстық кодекстің 189-бабы (сеніп тапсырылған мүлікті иемденіп алу немесе ысырап ету) және 361-бабы (қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша сырттай 9 жылға бас бостандығынан айырған.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар