Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстанның су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі қызметінен босатылды

Қазақстанның су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі қызметінен босатылды
Су ресурстары және ирригация министрлігі
Болат Бекнияз зейнет жасына толуына байланысты Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды arainfo.kz

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация Министрлігінің мәлімдеуінше, Болат Бекнияз гидрогеология және су шаруашылығы саласында 40 жылдан астам уақыт еңбек етті.

Ол еңбек жолын 1984 жылы ҚазССР ғылым академиясының Еңбек қызыл Ту ордені Қ. Сәтбаев атындағы геологиялық ғылымдар институтының инженері болып бастаған.

Әр жылдары Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитетінде, Су ресурстары комитетінде, «Еуразиялық су орталығы» АҚ және Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығында басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары және Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстандағы Атқарушы дирекциясының директоры болды. География ғылымдарының кандидаты.

2024 жылдың қазан айында Президенттің Жарлығына сәйкес Болат Бекнияз «Құрмет» орденімен марапатталды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар