Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстандықтар орта есеппен айына 423 мың теңге жалақы алады

Қазақстандықтар орта есеппен айына 423 мың теңге жалақы алады
ehonews.kz
Ұлттық статистика бюросы өкілдері Қазақстандағы жалақы бойынша осы жылдың бірінші тоқсанына арналған деректерді ұсынды,деп хабарлайды arainfo.kz

2025 жылдың I тоқсанында Қазақстанда жалақы мөлшері өсіп, жаңа статистикалық деректермен толықты. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде жалақының медианалық мәні — яғни жалақы қатарының ортасындағы көрсеткіш — 300 307 теңгені құрады. Бұл дегеніміз, жұмысшылардың жартысы осы сомадан аз, ал қалған жартысы одан көп жалақы алған.

Ал кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағандағы орташа айлық атаулы жалақы 423 133 теңге болды. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,7%-ға жоғары.

Салалар бойынша ең көп өсім келесі бағыттарда тіркелді:

  • Ақпарат және байланыс – 31,3%
  • Ауыл, орман және балық шаруашылығы – 17,3%
  • Өнер, ойын-сауық және демалыс – 16,1%
  • Ал денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында жалақы 6,2%-ға, білім беру саласында 6,1%-ға өскен.
  • Өңірлер бойынша жағдай
  • Орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсімі келесі өңірлерде байқалды:
  • Ұлытау облысы – 19,4%
  • Қостанай облысы – 14,6%
  • Алматы қаласы – 14,2%
  • Павлодар облысы – 13,5%

Орташа мен медианалық жалақының айырмашылығы неде?

Жалақының медианалық мәні есептелгенде, барлық қызметкерлер екі тең топқа бөлінеді: жартысы сол сомадан аз алады, жартысы — көп. Бұл әдісте ең төмен және ең жоғары жалақылар ескерілмейді.

Ал орташа жалақы есептелгенде барлық қызметкерлердің жалақысы, соның ішінде қосымша ақылар, үстемеақылар, сыйақылар, салықтар мен зейнетақы аударымдары да қамтылады. Кейін бұл жалпы сома қызметкерлердің нақты санына бөлініп, орташа мән шығарылады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар