Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Әскери тілшілер редакция жұмысымен танысты

Әскери тілшілер редакция жұмысымен танысты
Автор
ҚР Ұлттық ұланының 2025 жылға арналған тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстарының негізгі іс-шаралар жоспарына сәйкес жақында әскери бөлімде бөлімшелердің штаттан тыс әскери корреспонденттердің қатысуымен оқу-әдістемелік жиын өтті.

Басқосу барысында қатысушыларға арналған нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өткізіліп, онда әскери тілші қызметінің негізгі талаптары, мақаланың құрылымы, ақпарат көздерін дұрыс пайдалану, фото-видео материалдармен жұмыс істеу сынды маңызды тақырыптар қамтылды.

Жиынның маңызды бөлігінің бірі – сарбаздардың облыстық «AR-AI» газеті редакциясының тыныс-тіршілігімен танысуы болды.

Редакцияға келген қатардағы жауынгер Рауан Амангелді редакция жұмысымен танысу ұмытылмастай әсер сыйлағанын айтады.

– Шынымды айтсам, бұл сала маған өте қызықты көрінетін. Ақпаратты өңдеу, мәтін жазу көп еңбекті талап ететінін аңғардық. Редакциядағы атмосфера шығармашылыққа толы, ал қызметкерлері өз ісінің нағыз шеберлері екені бірден байқалды. Мұндай тәжірибе біз үшін үлкен сабақ болды. Осындай мүмкіндік жасаған әскери бөлім мен аталған редакция ұжымына айтар алғысымыз шексіз, – дейді Р.Амангелді.

Шынында да осындай тәжірибелік жиындар сарбаздарға жаңа қабілеттерді ашуға, шығармашылық ойлауға және әскери қызметтен бөлек, өзін басқа салада да сынауға үлкен мүмкіндік береді.

5513 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Бауыржан Қансеитовтің айтуынша, бүгінгі әскери қызметшінің міндеті тек сапта жүрумен, қару ұстаумен шектелмейді. Олар көп қырлы, жан-жақты дамыған азамат болуы керек. Ал әскери баспасөз сол азаматтардың шынайы келбетін, ерлікке толы күнделікті еңбегін көрсету құралы.

Осындай бастамалар арқылы жас сарбаздардың арасынан болашақ әскери журналистер шығатынына сенім мол. Ең бастысы сарбаздар бұл жиыннан білім ғана емес, шығармашылық шабыт алып қайтты.

Жиын соңында Б.Қансеитов қатысушыларға бөлім командирінің алғыс хатын табыс етті.

Салтанат ӘЗІМХАН,
лейтенант,
5513 әскери бөлімінің офицері

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар