Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Оңтүстіктен солтүстікке көшкендерге қолдау көп

Оңтүстіктен солтүстікке көшкендерге қолдау көп
ашық дереккөз
Көші-қон үрдісі – елдің әлеуметтік-экономикалық, демографиялық және аумақтық тұрақты дамуының маңызды факторының бірі. Сондықтан да елімізде көшіқон саясатына баса мән беріліп келеді.

Себебі жерінің аумағы кең мемлекетте халықтың жайлы қоныстануы – әлеуметтікэкономикалық тұрақтылықтың кепілі. Әрбір азаматтың тұрақты жұмысы, баспанасы болса, бұл халық өсіміне де оң әсер ететіні анық.

Тараз қаласы бойынша «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жұмыс күші тапшы өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Жоба өңіраралық және облысішілік көші-қон бағыттарын қамтиды.

Еліміздің облыстары бірбірінен қашық орналасқан. Осыған байланысты әр өңірдегі халық саны мен жұмыспен қамтылу деңгейі әртүрлі. Атап айтқанда, Жамбыл, Түркістан, Алматы және Маңғыстау облыстарында халық тығыз орналасқан болса, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарында жұмыс күші тапшылығы байқалады. Осы теңгерімсіздікті реттеу мақсатында азаматтарды солтүстік өңірлерге қоныс аударуға бағытталған бағдарлама қолға алынған. 

Бағдарлама аясында қоныс аударушыларды, ең алдымен, жұмыспен қамтуға баса назар аударылады. Ауылдық жерлерге көшкісі келетін азаматтарға жер беру, кәсіп ашуға қолдау көрсету сияқты ынталандыру шаралары қарастырылған. Яғни Үкімет белгілеген өңірлерге өз еркімен қоныс аударған азаматтарға түрлі жеңілдіктер мен қаржылай көмек көрсетіледі. Нақты айтар болсақ, қоныс аудару үшін бірреттік төлем төленеді; отбасы басшысына, сондай-ақ әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде көмек және жаңа тұрғылықты жеріне келгеннен кейін көшу шығындарын өтеуге материалдық қолдау көрсетіледі; тұрғын үй жалдау (жалдау ақысы) және коммуналдық қызметтер шығындарын өтеу үшін 12 ай бойы ай сайын төлем беріледі.

Қалалық жерге қоныс аударғандар үшін әр адамға 20-дан 30 АЕК-ке дейін, ал ауылдық жерге көшкендер үшін 15-тен 21 АЕК-ке дейінгі мөлшерде материалдық көмек қарастырылған. Төлем көлемі отбасы мүшелерінің санына байланысты анықталады.

Сонымен қатар экономикалық ұтқырлықты арттыру мақсатында 1 160 АЕКтен аспайтын мөлшерде тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін мобильділік сертификаты беріледі. Бұл сертификат тұрғын үй құнының 50 пайызын жабуға мүмкіндік береді.

Бұл шаралар қоныс аударушылардың жаңа ортаға бейімделуіне, тұрақты жұмыс тауып, тұрмысын жақсартуына зор ықпал етеді.

Жалпы осы бағытта жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар жұмыссыз жүрген адамдардың бәрін оңтүстіктен солтүстікке көшіруді мақсат етпейді. Алайда ниет білдірген азаматтар Тараз қаласы бойынша мансап орталығы филиалына қайырылып, мамандардан толық, сапалы кеңес алуға немесе migration.enbek. kz порталы арқылы жеке кабинетіндегі дербес деректерді толтырып, өтініш білдіруге болатындығын жеткіземіз. Осы орайда қоныс аударушыларды халық аз шоғырланған Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай, Ұлытау облыстарының ауылаймақтарын сақтап қалуға өз үлестерін қосуға шақырамыз.

Ақбота ХАМИДОВА,

Тараз қаласы бойынша мансап орталығы филиалының маманы

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар