
Облысымызда биылдан бастап тазалық акциясының тұжырымдамасы өзгертіліп, өзгеше қарқын алып отыр. Нәтижесінде бүгінде аудан, қалааралық күрежолдардың бойында тазалық жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, өткен аптада партияның облыстық және Байзақ аудандық филиалының қызметкерлері мен «Jastar ruhy» жастар қанатының белсенділері Қызыл Жұлдыз және Қостөбе ауылдарының аралығындағы күрежолдың бойын күл-қоқыстан тазартып, айналаны абаттандыруға атсалысқан еді. Осылайша, партияның Байзақ аудандық филиалы челленджді Жамбыл ауданына жолдаған болатын.
Кеше Жамбыл ауданы игі бастамаға қолдау білдіріп, Тараз-Аса бағытындағы облыстық мәндегі 3 шақырым күрежолдың бойын тазалады. Іс-шараға партияның облыстық және Жамбыл аудандық филиалының қызметкерлері, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, «Jastar ruhy» жастар қанатының белсенділері атсалысты.
Осылайша, 100-ге жуық аманаттық 3 шақырымға жуық жолдың бойын тазартып қана қоймай, қураған тал-дарақтарды ретке келтірді. Іс-шараға белсенді атсалысқан партияның Жамбыл аудандық филиалы челленджді Жуалы ауданына жолдады.
Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ,
«AMANAT» партиясы облыстық
филиалының баспасөз хатшысы