Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ғылымда гендерлік теңдікті қамтамасыз ету керек

Ғылымда гендерлік теңдікті қамтамасыз ету керек
Ашық Дереккөз
11 ақпан – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні. Осыған орай «AMANAT» партиясы облыстық филиалының әйелдер қанаты мен Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті бірлесіп «Ғылымдағы әйелдер: өсу, өрлеу, өркендеу» тақырыбында «дөңгелек үстел» ұйымдастырды. Іс-шараға ғылым саласында қызмет етіп жүрген белсенді әйелдер, жоғары оқу орындарының оқытушылары, жас ғалымдар және сарапшылар қатысты.

Салтанатты жиынды «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов құттықтау сөзбен ашты.

– «AMANAT» партиясы да әйелдердің құқығын қорғау мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Гендерлік квоталар енгізілді. «Tomiris», «Балаңа уақыт арна!», «Қарызсыз қоғам», «Ауыл аманаты» секілді көптеген бастама мен жобалар әйелдердің мүддесін қорғауға бағытталған. Өңіріміздегі әйелдер қауымы отбасы құндылықтарын арттырумен қатар білімді ұрпақ тәрбиелеп, экономиканың түрлі саласына орасан үлес қосуда. Мәселен, облыста көшбасшы әйелдердің ең көбі, яғни 75 пайыздан астамы білім, денсаулық сақтау салаларында еңбек етеді. Облыста 107 мың кәсіпкерлік субъектісі болса, 42 пайызына нәзікжандылар жетекшілік етеді. Жергілікті атқарушы органдардағы әйелдер саны 15 пайызды құрап отыр. Облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттар құрамының 20,3 пайызы әйелдерден тұрады. 201 депутаттың 41-і ақ жаулықты, 6 ауылдық округтің әкімі біздің партиядан сайланған. Бастауыш партия ұйымдарында барлығы 266 жетекші болса, 145-і әйелдер. Әйелдер қауымы ғылым саласында да белсенді. Облысымыздағы 3 жоғары оқу орнындағы профессор-оқытушылық құрамның 60 пайыздан астамы нәзікжандылар екен. Барлығы 813 әйел жұмыс істесе, жетеуі ғылым докторы, 61-і философия докторы, екеуі бейіні бойынша доктор, 164 әйел – ғылым кандидаты, 570-і магистр дәрежесінің иегері. Жалпы ғылымда әйелдер көп болса да шешім қабылдау, көшбасшылық деңгейінде олар әлі де аз. «AMANAT» партиясы әйелдер қанаты атқаратын жұмыстың 10 басым бағытының бірі – «Ғылымдағы әйелдер» бағыты. Партия ғылымдағы әйелдердің орны мен маңызын айқындап көрсетуді әртүрлі іс-шаралар арқылы жеткізуді көздеуде. Бүгінгі басқосуымыз да соның дәлелі, – деді Дауыл Ынтықбайұлы.

Мұнан соң «AMANAT» партиясы облыстық филиалының әйелдер қанатының кеңесшісі Айман Әшімова сөз алып, атқарылған жұмыстар жайын баяндады. Айман Серікқызының айтуынша, өткен жылы құрылған «AMANAT» партиясының әйелдер қанаты негізі 10 бағытта жұмыс жүргізуде. Ол – отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға жәрдемдесу, өндірістегі еңбекті қорғау, отбасы денсаулығы мен құндылықтары, ауыл әйелдерін бизнеске тарту, әйелдердің ғылымдағы рөлі және тағы басқа бағыттар.

– Әйелдер көшбасшылығын дамытуға бағытталған «Әйел аманаты» және «Tomiris» жобалары сәтті жүзеге асырылуда. Мәселен, «Tomiris» жобасы аясында облыстан 4 әйел көшбасшылықты дамыту бойынша респубикалық оқыту курсынан өтті. «Әйелдердің саяси көшбасшылығы» мектебі жұмысын бастады. Бұл мәслихаттардағы әйел депутаттардың үлесін 30 пайызға дейін арттыруға әсер етеді деп ойлаймыз. Сол секілді «Әйел-ғылымдар – Қазақстан ғылымының көшбасшысы» бағыты бойынша «Тaraz 24» теларнасында арнайы подкаст студиясын аштық. Тележоба ғылымдағы көшбасшы әйелдерді қолдау, танымал ету, олардың ғылыми жетістіктерін насихаттауға бағытталған. Студияның ғылыми кеңесшісі, авторы – әйелдер қанатының эксперті Орынқыз Жолдасова, – деді А.Әшімова.

Іс-шара барысында өзге де қатысушылар ғылыми қызметке көбірек әйелдерді тарту мәселесін сөз етті. Ғылымда гендерлік теңдікті қамтамасыз ету – жаңа перспективаларды ашып, шығармашылық пен инновацияны дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

Ақтоты ЖАҢАБАЙ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар