Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Түрікменстандық әйелді аман алып қалды

Түрікменстандық әйелді аман алып қалды
Ашық Дереккөз
Жақында Түрікменстан елінің азаматшасы, яғни 39 жастағы әйел ауыр халде Байзақ аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Жедел тексеру кезінде науқастан ентігу, тахикардия және басқа да алаңдатарлық бірқатар сырқат анықталған.

Науқастың жағдайының ауырлығын ескерген дәрігерлер оны дереу жансақтау бөліміне жатқызып, қажетті ем тағайындапты. Медициналық көмек көрсету барысында науқасқа қажетті қан құйылып, анығын айтқанда, донор қанын немесе оның плазма, эритроциттер, тромбоциттер сынды компоненттерін қанайналым жүйесіне енгізу процедурасы жасалған.

Дер кезінде көрсетілген шұғыл медициналық көмектің арқасында науқастың жағдайы айтарлықтай жақсарған. Ол дәрігерлерге ризашылығын білдіре отырып, өмірін сақтап қалған мамандардың жоғары кәсібилігін атап өткен.

Шұғыл көрсетілген дәрігерлік көмектен соң жағдайы жақсарған түрікменстандық әйел жансақтау бөлімінің меңгерушісі Әсет Қуатовқа, реаниматолог Бекжан Рысқұловқа, жедел жәрдем бөлімшесінің кезекші дәрігері Руслан Советке және терапевтік бөлім меңгерушісі Ғалия Есееваға шынайы алғысын білдірді.

А.БЕКЕНҚЫЗЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар