Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Құрылыс қарқыны қуантады

Құрылыс қарқыны қуантады
Ашық Дереккөз
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыс әкімдігі құрылыс басқармасының басшысы Ерлан Орынбаевтың қатысуымен брифинг өтті. Спикер 2024 жылы құрылыс саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.

2024 жылы құрылыс басқармасы арқылы сметалық құны 255 миллиард теңге болатын 280 жобаға бюджеттен 78,7 миллиард теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілген. Жыл қорытындысы бойынша 124 нысанның құрылысы аяқталып, ел игілігіне ұсынылса, 119 нысанның құрылысы жоспарға сәйкес 2025 жылға ауыстырылған. Сонымен қатар 2019-2023 жылдары тапсырылуы тиіс болған, бірақ мерзімдері кешіктірілген 17 «сақалды» нысанның құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілген.

– Сала бойынша талдасақ, сметалық құны 36,6 миллиард теңгені құрайтын 29 білім нысанының құрылысы жүргізілді. 2024 жылы 18,6 миллиард теңге қаржы бөлініп, 13 нысанның құрылыс жұмыстары мәресіне жетті. 16 нысан 2025 жылға өтпелі. Өткен жылы Президент Әкімшілігінің бақылауындағы 2 мектеп пайдалануға берілді. Сонымен қатар мерзімдері кешіктірілген 4 мектеп құрылысы аяқталып, тапсырылды. Өткен жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектептерге 12,5 миллиард теңге қаржы қаралды. Жыл қорытындысымен 3 мектеп пайдалануға берілді. Одан бөлек 39 денсаулық сақтау нысанының құрылысына 2024 жылы 8,6 миллиард теңге қаржы бөлінді. Жыл қорытындысымен 33 нысанның құрылысы бітті. Өткен жылы хаттамалық тапсырмаға сәйкес мерзімі кешікккен, 2022 жылы тапсырылуы тиіс Қордай ауданының Беріктас ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді. Сондай-ақ қауіпсіздік кеңесінің бақылауындағы «OtarBioPharm» 3 жобасы аяқталды. Спорт саласында 2,4 миллиард теңгеге 16 спорт кешенінің құрылысы жүргізіліп, жыл қорытындысымен 10 нысанның лентасы қиылды. 3 нысан құрылысы жоспарға сәйкес 2025 жылға өтпелі. Ал мәдениет саласында 15 нысанның құрылысына 2,3 миллиард теңге қаржы бөлініп, жыл қорытындысымен 6 мәдениет үйі есігін айқара ашты, – деген Ерлан Құрмантайұлы тұрғындарды баспанамен қамту «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде іске асырылатынын мәлім етті.

Бүгінгі күнге коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне 39 503 азамат тіркелген екен. 2024 жылы кезектегі азаматтарды әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз етуге бюджеттен жалпы 40,7 миллиард теңге бөлініп, нәтижесінде 2 830 тұрғын баспаналы болыпты. Оның 1 819-ы әлеуметтік осал топтағылар екен.

2025 жылы құрылыс басқармасы арқылы 176 жобаға бюджеттен 53,2 миллиард теңге бөлініп, іске асырылуда. 156 жобаның 2025 жылы тапсырылуы жоспарлануда. Ал 20 нысан құрылысы 2026 жылға өтпелі.

Эльмира БАЙНАЗАРОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар