Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Өңірлік кеңестердің жұмысы өнімді

Өңірлік кеңестердің жұмысы өнімді
Ашық Дереккөз
Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Айдар Әбдіқадыровтың қатысуымен «Салалық және аудандық кеңестердің қызметі, олардың облыстық кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесін қалыптастырудағы рөлі» тақырыбында брифинг өтті.

Өңірлік кеңес – кәсіпкерлік палатасының бақылаушы органы. Айдар Әбдіқадыров облысымызда шағын, орта және ірі бизнес өкілдерін біріктіретін 7 салалық кеңестің жұмыс істейтінін атап өтті.

– Қазан айында кәсіпкерлер палатасының жанынан әйелдер кәсіпкерлігінің салааралық кеңесі құрылды. Кеңеске 14 тұрақты мүше кірді. Желтоқсан айының басында кеңестің бірінші отырысы өтіп, кеңес төрағасы болып Шолпан Қайратқызы сайланды. Кеңес қызметі өңірдегі 50 мыңнан аса әйел жетекшілік ететін бизнес субъектілерін қамтиды. Жалпы кәсіпкерлердің салалық кеңестері палатаның тұрақты жұмыс істейтін консультативтік кеңесші органы болып табылады. Кеңестерді құру, олардың тұрақты құрамының санын бекіту және тиісті салалық кеңестердің атауларын анықтау туралы шешім палата тарапынан қабылданады. Аудандық кеңесті құру және оның сандық құрамын анықтау туралы шешім өңірлік кеңес тарапынан қабылданады. Палатаның әр аудандық филиалында 10 аудандық кеңес жұмыс істейді, олар 74 тұрақты мүшені біріктіреді. Сонымен қатар аудандық кәсіпкерлер кеңестерінің 15 мүшесі палатаның салалық кеңестерінің мүшелері, – деген Айдар Қайнарұлы 2025 жылдың 27-29 қаңтары аралығында өңірлік кеңестің делегаттарының сайлауы өтетінін жеткізді.

Ережеге сәйкес сайлауға қатысушы кәсіпкердің соңғы үш айда салықтық қарызы болмауы керек екен.

Эльмира БАЙНАЗАРОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар