Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жаһанға мәлім Жошы хан

Жаһанға мәлім Жошы хан
Ашық Дереккөз
Жуырда облыстық айтыскер ақындар мен жыршы-термешілер орталығында «Жаһанға мәлім Жошы хан» атты танымдық сағат өтті.

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында: «Қазақстан – Ұлы даладағы көшпенділер өркениетінің тікелей мұрагері. Жер жүзіне Алтын Орда деген атпен танылған әйгілі Жошы ұлысы Орталық Еуразияның байтақ даласындағы ең қуатты мемлекет ретінде мойындалған.

Осы ортағасырлық державаның геосаяси мұрасы бірқатар Еуразия мемлекетінің, оның ішінде Қазақ хандығының құрылуына негіз болды. Ұлық ұлыстың жерінде сан алуан этнос және дін өкілдері бір шаңырақтың астында өмір сүрді. Түрлі мәдениеттер өзара астасып, мемлекет құру ісінің бірегей үлгісі қалыптасты. Жошы ұлысы ұлы даланы мекен еткен халықтардың санғасырлық даму бағдарын айқындап отырды. Ұлық ұлыс мемлекетті басқару ісін жаңа деңгейге көтерді. Оның Рим империясымен ұқсастығы да – осында.

Биыл Жошы ұлысының негізі қаланғанына 800 жыл толды. Бүгінгі жиынымыз да осы мерейлі белеске тұспа-тұс келіп отыр. Мұның зор символдық мәні бар. Біз аста-төк той жасауға емес, салмақты зерттеу жүргізуге баса мән беруіміз керек. Жошы ұлысы Қазақстанның мемлекеттілік дәстүрінде айрықша орын алады. Еліміздің өткені, бүгіні мен болашағы оның тарихи мұрасымен тығыз астасып жатыр. Олай болса, Алтын Орда туралы халықаралық аренадағы түсінік Қазақстанмен тікелей байланысты болуы керек», – деп, төл тарихымызды кеңінен дәріптеуді баса айтты.

Осы мақсатта ұйымдастырылған іс-шара барысында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Меңдібай Әбілов Жошы хан, Алтын Орданың құрылу тарихы туралы мазмұнды баяндама жасады. Сонымен қатар Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының бөлім меңгерушісі, тарихшы Асылжан Шайдилдаев Жошы хан туралы тың ақпараттармен бөлісіп, оның хорезмдік әскерлерге жасаған шабуылы және басқа да жорықта көрсеткен ерліктері мен әскери қабілетін тілге тиек етті.

Жиын соңында Тараз гуманитарлық-техникалық колледжінің білімгерлері сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

Ақмарал ІЛЕБАЕВА,

облыстық айтыскер ақындар,

жыршы-термешілер орталығының әдіскері

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар