Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Әдепті сақтау әдетке айналған

Әдепті сақтау әдетке айналған
Ашық Дереккөз
Біздің елімізде Әдеп кодексі деген бар. Бұл кодекс мемлекеттік қызметшілердің моральдік-адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатын көздейтін акт және ҚР Конституциясына, Мемлекеттік қызмет туралы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдарына сәйкес мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді.

Әдеп кодексі азаматтардың мемлекеттік органдарға сенімін арттыруға, мемлекеттік қызметте өзара іс-қимылдың жоғары мәдениетін қалыптастыруға немесе мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларын болдырмауға бағытталған.

Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың бұзылуына жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың өз функциялары шеңберінде консультациялар өткізу мақсатында әдеп жөніндегі уәкілетті тұлға бірқатар іс-шараны атқарады.

Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде айтарым, Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшінің менталитетін жаңаша қалыптастыруға зор үлес қосады, себебі мұнда мемлекеттік қызметтің қоғам өміріндегі рөлі, мемлекеттік қызметшілердің ұстанымдары мен қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылу қажеттігі айшықталған. Бұдан бөлек мемлекеттік қызметшінің жүріс-тұрыс ережелері де осы кодекстің стандарттарында көрініс тапқан. Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде мемлекеттік қызметшіге қарапайым болу, жалпыға бірдей қабылданған моральдік әдептілік нормаларды сақтау, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауды ұдайы ескертіп отыру жұмыс бабында күнделікті әдетке айналған дүние. Азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, дөрекілік, қадір қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеу, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмауы тиіс екендігі де үнемі ұжымдағылардың назарына жеткізілген және бақылауда.

Жыл басынан бері 8 мемлекеттік қызметшіге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке консультациялық көмек көрсетілді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Әдеп кодексі салаларында Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселелері бойынша 4 азаматты жеке қабылдау, 13 семинар мен кеңестер ұйымдастырылып, 3 әңгімелесу өткізілді. 17 материал әдеп жөніндегі уәкілдің әлеуметтік желілерінде орналастырылып, бұқаралық ақпарат құралдарында 14 мақала жарияланды.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер арасында ресми әдеп нормаларының сақталуын бақылау мақсатында тұрақты түрде анонимді сауалнамалар жүргізіліп тұрады. Сауалнама қорытындысы бойынша, ұжымдағы моральдік психологиялық ахуалдың жағдайы тұрақты.

Өткізілген іс-шаралар ұжымда қолайлы моральдік психологиялық ахуалды қалыптастыруға ықпал етеді, мемлекеттік органда мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика нормаларын бұзуы және мүдделер қақтығысы, талаптарды сақтау фактілерінің болмауы тұрғысынан оң нәтиже береді.

Жазылбек БУХАШЕВ,
облыс бойынша
қазынашылық департаменті
басшысының орынбасары,
әдеп жөніндегі уәкіл

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар