Тараздағы №23 «Жас даурен» бөбекжайы мен «Аю» ЖШС балабақшасы бірігіп, «Жасыл ел, Жасыл балабақша жобасы аясында», «Табиғатты аялайық!» атты қалалық семинар өткізді, деп хабарлайды arainfo.kz
Іс-шара барысында ата-аналар қолдан эко-ойыншықтар мен сабын жасап көрді.
Қалалық семинардың басты мақсаты балалардың өміріне қауіпсіз және гипоаллергенді өсімдіктердің емдік қасиеттерін қолдана отырып, иммунитеттерін күшейтіп, денсаулықтарын жақсарту. Балабақша қызметкерлерінің міндеттері балаларға емдік гүлдерін таныстыру, денсаулықты табиғи жолмен нығайту дағдыларын қалыптастыру. Сондай-ақ, табиғи қауіпсіз және гипоаллергенді шөптермен фитотерапия арқылы иммундық жүйесін емдеу.
Семинар барысында ата-аналар өз қолдарынан эко сабын мен эко – ойыншықтарды жасап шықты. Балалар үшін эко сабынның денсаулыққа пайдасы зор екенін балабақша қызметкері атап өтті.
Ізденімпаз бұл балабақша экологиялық таза өнім шығаруды бұдан әрі дамыта түспек.