Асқақ Алатау мен қарт Қаратаудың тоғысқан тұсында, Шу мен Талас сынды өзендердің жағасында орын тепкен осынау байтақ мекеннің таңғажайып табиғаты кім-кімді де бейжай қалдырмайтындығы сөзсіз.
Талас ауданындағы Тәңірқазған мен Бөріқазған тұрақтары даналық дәптерінен сыр шертеді. Мойынқұмның маңғаз даласы ұлан-ғайыр атыраптың ұлағатын ұқтырып тұрғандай. Жуалы жеріндегі Көксайдың көрінісі қандай керемет! Айнадай жарқыраған Айнакөл ше? Сарысуға ат басын бұрсаңыз, Көсегенің Көкжонына көз тоқтатпай өту мүмкін емес. Шіркін, Меркі жеріндегі балбал тастарға тіл бітсе, талай жайтты ақтарып салар ма еді, кім білсін? Құлан өңірінің де құпиясы мен құндылығы жетерлік. Шуақты Шу жерінің де шырайлы келбеті шабыт сыйлайды. Қордай асуына көтерілгенде көкірек кере дем алып, қиялымызды қияға шарықтататынымыз тағы бар.
Иә, «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас». Талай тарпаң тұлғаның кіндік қаны тамған киелі мекен табиғатының таңғажайыптарын газетіміздің фототілшісі Алтынбек Қартабай таспаға басқан болатын. Осынау керемет көріністерді назарларыңызға ұсынып отырмыз.
РЕДАКЦИЯДАН
Таразда балабақшалардың бірлескен семинары өтті
Ұқсас жаңалықтар
Ғасыр құрылысының басшысы Оразалы Қантаев туралы бір үзік сыр
- авторAR-AY
- 11 желтоқсан, 2024