Жаңалықтар
Темір жолдарды жөндеу жұмыстары 96 пайызы аяқталды – Көлік министрлігі
- author AR-AY
- Бүгін, 09:37
- 14
Осы маусымда темір жол көлігімен тасымалдау сапасын арттыру мақсатында 1400 шақырымға жуық темір жол жөндеуден өтті. Бүгінгі таңда 1352 шақырым жол жөнделіп, 96% жұмыс аяқталды,деп хабарлайды arainfo.kz
Бұл туралы Көлік министрлігінің теміржол және су көлігі комитеті мәлімдеді.
Еліміздің барлық өңірлерін қамтитын жұмыстардың негізгі бөлігі келесі учаскелерде атқарылды:
Ақтоғай-Семей-Алтай (153 ш/қ);
Шу-Қандыағаш (266 ш/қ);
Қандыағаш-Ақсарай (138 ш/қ);
Астана-Алматы (260 ш/қ);
Алматы-Павлодар (106 ш/қ);
Жаңа-Есіл-Көкшетау (161 ш/қ), және тағы басқа.
Жалпы алғанда, 569 шақырым теміржол күрделі жөндеуден өтіп, 181 шақырым кешенді жөндеумен қамтылды, ал 602 шақырым жол жоспарлы алдын ала жөндеуден өтті. Солтүстік өңірлердегі жұмыстар маусым айында аяқталды, ал оңтүстік аймақтарда жөндеу жұмыстары әлі де жалғасуда.
2025 жылы тағы 1480 шақырым теміржол жөндеуден өтеді деп жоспарлануда.
Келесі мақала