Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

42 мердігер мекеме жауапкершілікке тартылды

42 мердігер мекеме жауапкершілікке тартылды
Ашық Дереккөз
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Қайрат Бейсембаев жыл басынан бері атқарылған жұмыстар, құрылыс сапасы, жобалардың жүзеге асырылу барысы және саладағы өзекті мәселелер туралы баяндады.

Спикердің айтуынша, облыс аумағында 661 нысанның құрылысы жүргізілуде. 338 нысан мемлекеттік бюджет есебінен, ал қалған 323-і жеке қаражат есебінен салынуда. Мемлекеттік бюджет есебінен құрылысы жүргізіліп жатқан 338 нысан бойынша 325 техникалық қадағалаушының ай сайынғы есептері басқармаға уақытылы әрі сапалы ұсынылуда, қалған 13 нысанның құрылысы тоқтап тұруына (сот процесстері жүруде) байланысты ұсынылмаған.

– 2024 жылы 130 құрылыс нысанына жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 84 нұсқама беріліп, 197 әкімшілік іс қозғалды. Оның ішінде 120 тапсырыс беруші, 42 мердігер мекеме, 5 жобалаушы, 18 техникалық және 12 авторлық қадағалаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл сомасы 49 162 672 теңгені құрады.Тексеру жұмыстарының нәтижесінде 9 техникалық қадағалаушыға әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды. Сонымен қатар қолданыстағы сарапшы аттестаттары 6 ай мерзімге тоқтатылды.Сондай-ақ құрылыс жұмыстарын сапасыз жүргізген 3 мердігер мекеме және сапасыз жобалаған 5 жобалаушы мекеме Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы кодексінің 312 бабының 1 тармағымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – дейді Қайрат Әшірәліұлы.

Басқарма өз құзыреті шегінде тек бақылау жүргізіп қана қоймай, құрылыс жұмыстарындағы кемшіліктердің алдын алу мақсатында профилактикалық жұмыстарды да қарқынды іске асыруда.

– Облыс әкімдігімен келісілген алгоритмге сәйкес облыс аумағындағы құрылыс нысандарының сапасына қатысты 2023 жылы атқарылған жұмыстардың және әр тоқсанның қорытындысы бойынша тұрақты түрде аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктерімен және тиісті тапсырыс беруші басқармалармен біріге отырып профилактикалық жиындар өткізу үрдіске айналған. Биыл 24 профилактикалық жиын өтті.

Жиын барысында құрылыстың барлық қатысушыларының, яғни тапсырыс берушілердің, мердігерлердің, техникалық және авторлық қадағалаушылардың атқарған жұмыстары қаралып, туындаған сұрақтар мен бұзушылықтар талқыланып, алдағы уақытта кемшіліктерге жол бермей, құрылыс сапасына жіті көңіл бөлу тапсырылды.

Сонымен қатар басқармамен Тараз қаласы және аудан әкімдіктерінің ұсынымдарына сәйкес құрылыс нысандарына жалпы 150 профилактикалық мониторинг жұмыстары жүргізіліп, анықталған бұзушылықтарды жою туралы құрылыстың барлық қатысушыларына ескертілді, – деген басқарма басшысы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде құрылыстың барлық қатысушыларының жауапкершілігі артып келе жатқанын атап өтті. 

Жалпы сапа бойынша анықталған бұзушылықтар жұмыс барысында қалпына келтірілуде екен.Бүгінгі күні жалпы облыс аумағында барлығы 986 лицензиат тіркелген. Оның ішінде құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша – 803, жобалау жұмыстары бойынша – 133, іздестіру қызметі бойынша – 50. Осы жылдың 8 айында 23 лицензия берілген.
Брифинг соңында спикер журналистердің сауалдарына жауап берді. 

А.ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ
 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар