Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

15 қыркүйекте декларация тапсыру мерзімі аяқталады

15 қыркүйекте декларация тапсыру мерзімі аяқталады
Ашық Дереккөз
Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Еркін Әлидің қатысуымен «Жалпыға бірдей декларациялау» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Еркін Раушанбекұлының айтуынша, жалпыға бірдей декларациялаудың негізгі міндеті – әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру, жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді тетігін құру, сыбайлас жемқорлық пен «көлеңкелі» экономика деңгейін төмендету.

– Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңінде 132 мыңнан аса жеке тұлға декларация тапсырады деп жоспарланып отыр. Үшінші кезең шеңберінде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсыруы тиіс. Бұл талап әрекетсіз және қызметін тоқтатқан тұлғаларға да қолданылады. Айта кетейік, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны жеке практикамен айналысатын адамдар ұсынбайды.

Декларацияда шетелдік активтері, жылжымалы, жылжымайтын мүлкі көрсетіледі. Атап айтсақ, шетелдегі жылжымайтын мүлкі және көлігі; шетелдік банктегі 3,5 миллион теңгеден жоғары ақша; шетелдік компаниядағы қатысу үлесі; бағалы қағаздар, цифрлық активтер; үлестік қатысу шарты; инвестициялық алтын; зияткерлік меншік және авторлық құқық объектілері; 34,5 миллион теңге шегінде қолма-қол ақша; басқа тұлғалармен нотариалды куәландырылған қарыз шарттары; құны 3,5 миллион теңгеден асатын басқа да мүлік.

Ал кірістер мен мүлік туралы декларацияда күнтізбелік жыл ішінде алынған кірістер, Қазақстанда және шетелде мүлікті сатып алу немесе иеліктен шығару туралы мәліметтер, сондай-ақ оларды иемденуге жұмсалған шығыстарды жабу көздері нақтыланады.15 қыркүйекте декларация тапсыру мерзімі аяқталады. Декларацияны «Салық төлеуші кабинеті», «Электрондық үкімет» веб-порталдары, «e-salyqАzamat», «Halyk», «Bank CenterCredit» мобильді қосымшалары арқылы ұсынуға болады. Сондай-ақ азаматтар декларацияны қағаз нұсқада пошта арқылы немесе өздері барып ұсынуға құқылы, – деді Еркін Раушанбекұлы.

AR-AI АҚПАРАТ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар