Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Миссионерлік қызмет қалай жүзеге асады?

Миссионерлік қызмет қалай жүзеге асады?
Ашық дереккөз
Миссионер сөзі – көне гректің «миссия» деген сөзінен шыққан. Сөзбе-сөз аударғанда «маңызды тапсырма немесе сәлемдемені жеткізу» деген мағынаны білдіреді. Миссионерлер – өздеріне сенбейтіндерді белгілі бір дінге қабылдау міндетін қойған діни ұйымдардың қайраткерлері (мүшелері).

Ілімдік тұрғыдан миссионерлік қызмет терминін қарастыратын болсақ, келесі анықтамалар шығады: сенімді  уағыздау (яғни діни көзқарастар жүйесі); «Құдай патшалығын» тарату; басқа  сенімдегі адамдарды сенімдеріне  кіргізу; жаңа шіркеулерді құру.Миссионерлік қызметке қатысты анықтамалар соңғы кездерде ғана шыққан. ХҮІ ғасырға дейін «mission» сөзі Үштік туралы ілімге «Әке өзінің ұлын жіберді, ал әке мен ұлы қасиетті рухты жіберді» деген мағынада пайдаланылды. Христиандық сенімнің алғашқы таратушыларының қызметі «apostolatus» немесе «propagatio fidei» деп аталған. Уақыт өте келе, осы терминдердің орнына миссия деген сөз келді. Шіркеулерде соңғы он бес ғасыр бойы «сенімді тарату», «Евангелияны жариялау», «шіркеулерді құру», «халықты сауаттандыру» және басқа да мағыналар пайдаланылды.Миссия сөзінің жаңа мағынасы батыстық империялық державалардың жаңа аумақтарды отарлау үрдісімен  туындаған. Осы кезең тарихи дамуында отарлау дәуірі және төтенше өкiлеттiктерге ие болу туралы идеялармен тығыз байланысты. Алыс жақтағы отарларға шіркеу өкілдерін жіберу әрекеттері маңызды болғаны соншалық, жіберілген өкілдердің есімдері мен олардың әрекеттерін анықтауына әсер еткен. Олардың жұмыстары миссия, ал өздері миссионерлер деп аталып кетті.

Осы мағынада ең бірінші иезуиттер орденінің негізін салушы Игнатий Лойола (1491-1556) қолданған. Кейін Игнатий Лойоланың ізбасарлары осы терминнің мағынасын «христиандық сенімді барлық адамдардың ішінде тарату» деп кеңейткен.Миссионер әрқашан діндар қауым арасында беделді тұлға болып саналған. Олар адамдарды тарту және діни сенімін уағыздау үшін ұзақ сапарларға шыққан.
Шіркеудегілердің пікірінше, миссия – кез келген сенушінің басты міндеттерінің бірі. Мәсіхтің шіркеуі миссияны Иемізге қызмет етудің ең маңызды нысандарының бірі ретінде ұсынады. Көптеген тарихшы әлемді аралап, сенбейтіндерге тәлім беруге, оларға Иеміздің бар екендігінің құпиясын ашуға тырысқан.Қазақстандағы миссионерлік қызмет ұғымы 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңдағы миссионерлік қызмет бөліміндегі 8-бапта көрсетілген қағидалар арқылы реттеледі. Заңның осы және өзге де баптарында шетелдіктер, Қазақстан азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар заң аясында қызметін жүргізетін болса, миссионерлік қызметке рұқсат беріледі делінген. Бірақ ел азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар миссионерлiк қызметтi заң шеңберінде тiркеуден өткен соң ғана жүзеге асыра алады. 

Миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тiркеуді жергiлiктi атқарушы органдар арнайы талаптарға сай рұқсат қағаз берген күннен бастап қана жүргізе алады. Егер миссионер ұсынған діни мазмұндағы материалдар мен діни мақсаттағы заттар дінтану сараптамасының оң қорытындысына ие болса ғана миссионерге оны қолдануға рұқсат беріледі.Ерекше назар аударатын жайт, Қазақстан Республикасының аумағындағы миссионерлер жергiлiктi атқарушы органдарда жыл сайын қайта тiркеуден өтуге мiндеттi.Облыс әкімдігінің дін істері басқармасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы «Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» №97 бұйрығына сәйкес жеке тұлғаларға «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.Басқарманың дін саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтері баламалы түрде, яғни көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.Бүгінгі таңда облыс аумағындағы діни бірлестіктерде 8 азамат миссионер ретінде тіркеуден өтіп, қызметтерін атқаруда. Аталған миссионерлердің діни қызметі,  яғни уағыздары мен өткізіп тұратын шаралары дін істері басқармасы тарапынан тұрақты түрде зерделенуде. Зерделеу нәтижелерінің қорытындылары бойынша, мемлекеттің тұрақтылығына қауіп төндіретін, конфессияаралық және этносаралық төзімсіздікке шақыратын фактілер мен заңбұзушылықтар орын алған жоқ.

Айгүл Карибаева,
облыс әкімдігі
 дін істері 
басқармасының 
бас маманы

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар