Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Рухани тұрақтылықты нығайту – басты назарда

Рухани тұрақтылықты нығайту – басты назарда
Ашық Дереккөз
Облыс әкімдігі дін істері басқармасының тапсырысымен өңірде халықтың діни сауаттылығын арттыруға, дәстүрлі рухани- адамгершілік құндылықтарды насихаттауға, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Іс-шаралардың негізгі мақсаты – Қазақстанда өмір сүретін барлық конфессия мен этностардың бейбіт өмір сүруі мен өзара түсіністігін нығайту, мемлекет жүргізіп отырған дін саласындағы саясаттың мәнін түсіндіру, сондай-ақ деструктивті діни ағымдар мен радикалды идеялардың қоғамға тигізер зияны туралы кеңінен ақпарат беру.

Жалпы облыс орталығы мен 10 ауданның әрқайсысында 8 іс-шарадан өткізу жоспарланған.

Барлығы 88 ақпараттық-түсіндіру шарасы ұйымдастырылуда. Аталған жұмыстарға республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріқатысуда. Атап айтқанда, топ құрамында Шымкент қаласындағы дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Икрам Айтаев, дінтанушы әрі теолог Саян Тілләбек, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, PhD доктор Бауыржан Ботақараев, Ясауитану ғылыми зерттеу институтының директоры, PhD доктор Бауыржан Сайфунов, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің директоры Талғат Жақиянов, сондай ақ «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қоры Шымкент қаласы филиалының басшысы Дәлелхан Оспанов бар.

Мамандар кездесулер барысында тұрғындарға діни экстремизмнің алдын алу, діни сауаттылықты арттыру, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

А.ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар