Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жыр дәптерінен

Жыр дәптерінен
Ашық дереккөз
Ерке Есілмен ескі достай сырласып, Мейір таппай ұсынарға бір қасық. Астанаға бақыт іздеп келіп ем, Қолда барды сырып тастап, қыр асып.

Толарсақтан саз кешкенді ұнатқан,
Баспана іздеп, баз кешкенді жұбатқан. 
Талапты ұлдан үмітті ме бұл қала,
– Кетпе, дейді. – Қалшы қалқам, тұрақтан.

Жігіт едім тәуекелге бас ұрған,
Үсік қолын жең ішінде жасырған. 
Қаратаудан көш түзеген Бетпаққа,
Армандарын Алатаудан асырған.

Сары аязы салғандай-ақ сынаққа, 
Салқын көңіл сезілмеді бірақ та. 
Бір білгенім – адалдық пен адамдық,
Ерді еңбек жеткізеді мұратқа.

Қайырлы ұлдан қай қазақ та дәмәлі,
Сақтай келіп Әулиеатаның әдебін. 
Сарысуым, сағынышпен қабыл ал,
Астанадан асқақ ұлдың сәлемін!  

                                                                                                                                                                                            Нұрсұлтан Рахымбай
 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар