Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Футбол алаңы ашылды

Футбол алаңы ашылды
Ашық дереккөз
Астана күні Әулиеата өңірінде де лайықты деңгейде аталып өтуде. Аймақта мәдени-көпшілік шаралардан бөлек, жаңа нысандар пайдалануға берілуде. Мұның бәрі де ел-жұрттың еңсесін көтеріп, мерекелік көңіл күйін шарықтата түсетіндігі сөзсіз.

Осы орайда Қордай ауданындағы Жамбыл ауылында шағын футбол және стрит-воркаут алаңы ашылды. Бұл игі іс аудандағы бұқаралық спортты ілгері жылжытуға бағытталады. Сәйкесінше Жамбыл ауылының жастары бос уақытында пайдалы іспен айналысып, дене шынықтыру мүмкіндігіне ие болып отыр. Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, спорт саласының қызметкерлері және ардагерлері, ауыл тұрғындары жиналды.

– Астана күні мерекесінің қарсаңында керемет іс-шараның куәсі болып отырмыз. Биыл аудан бойынша 11 елді мекенде осындай шағын футбол алаңын салу жоспарланды. Міне, соның біреуі Жамбыл ауылында ашылып отыр. Баршаңызды осы қуанышпен құттықтаймын. Осы ауылдан беткеұстар спортшылар тәрбиеленсін, – деген Дамира Маратқызы сөз кезегін ауыл ақсақалы Шарапатдин Пахраддиновке берді.

Ол осы істің басы-қасында жүрген аудан және ауыл басшылығына алғысын айтып, ақ батасын берді.
Спорттық нысанның лентасы қиылып, дәстүрге сай шашу шашылған соң ауыл балаларынан құрылған қос команда алғашқы ойын өткізді. 

Эльмира Байназарова

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Жыр дәптерінен
Алдыңғы мақала
Жыр дәптерінен

Ұқсас жаңалықтар