Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Әлеуметтік желі психикаға қалай әсер етеді?

Әлеуметтік желі психикаға қалай әсер етеді?
Ашық дереккөз
Қытай ғалымдары жасөспірімдердің Тик-Токқа тәуелділігі есте сақтау проблемалары мен психикалық бұзылыстарға әкелетінін анықтады.

ТикТок желісінен түрлі видео бейнелерді көретін адамдар басқаларға қарағанда депрессияға, күйзеліске және мазасыздыққа жиі ұшырайды. Әлеуметтік желі пайдаланушылардың қолданба да көбірек уақыт өткізуі үшін оның мазмұнын жиі оңтайландырып отырады.

Сонымен қатар, кейбір Tik Tok трендтері өмірге қауіп төндіруі мүмкін, кейбір пайдаланушылар қауіпті трюктерді қайталауы әбден мүмкін. Әлеуметтік желіге тәуелділік мәселесі сіз ойлағаннан да, әлдеқайда тереңірек. Әлеуметтік желілерді пайдаланғаннан кейін психикалық денсаулығының нашарлайтынына көптеген танымал тұлғалар назар аударуда. Оның бірі, супермодель Белла Хадид: «әлеуметтік желіні шынайы өмір ретінде қабылдамау керек, өйткені ол  «шынайы емес»,-деп өз ізбасарларына психикалық денсаулығымен қалай күресіп жатқанын көрсету үшін, жиі жылап тұрған фотосуреттерін бөліскен болатын.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов Қазақстанда TikTok-ты бұғаттауға қатысты пікір білдірген болатын. Министрлік өкілінің айтуынша, Қазақстанда TikTok әлеуметтік желісін бұғаттау жоспарда жоқ. Дегенмен, кейбір шектеулер енгізілуі мүмкін.

Әлеуметтік желілердегі күнделікті ақпаратты қалт жібергіміз келмейтіні рас. Теледидардан жаңалықты көргенше, әлеуметтік желілерден бірінші болып көргенге асығамыз. Бұл дегеніміз -  «Ақпаратты шамадан тыс қабылдау» синдромына телефонға телмірген әрқайсымыздың шалдыққан болуымыз бек мүмкін екен. Ақпаратқа қаныққан ми оны толық өңдей алмайды және жай ойлаудан бас тартады. Дәрігерлер арасында тіпті «сандық деменция» термині пайда болды. Ол дегеніміз – гаджеттердің әсерінен мидың деградациясы және ақпаратты шамадан тыс тұтыну. Бұл бұзылыс – есте сақтау мен зейіннің нашарлауында, агрессияның жоғарылауында, ақпаратты талдау және құрылымдау қабілетсіздігінен көрінеді. Елестетіп көріңізші, психологиялық миы сау балаңыз қарапайым интеллектуалды әрекеттерді орындай алматыны неткен қорқынышты..

Серікболсын СЕРПЕН,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 3 курс студенті

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар