Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Синтетикалық есірткі сатушылардың қатары көбеюде

Синтетикалық есірткі сатушылардың қатары көбеюде
Ашық дереккөз
«Қылмыстың өтеуі – жаза» екеніне қарамай, қазіргі жастар арасында кеңінен танымал – синтетикалық есірткіні сату үдеп барады.

Оның негізгі себептерінің бірі – жеңіл ақша табуды көздейді. Синтетикалық есірткі сататын жастардың үлкен пайызына ықпал ететін кейбір жалпы факторлар: 2) кейбір жастар есірткі сатушылардың сәтті өмір салтын фильмдерден немесе музыкалық бейнелерден көріп, есірткі сату оларға тез байлық пен сәнді өмір салтын әкеледі деген ойда болуы мүмкін. 3) Әсіресе қоғамда өзін шеттетілген немесе бағаланбаған адамдар үшін есірткі сату оларға күш, мәртебе және құрдастар арасында қабылдау сезімін береді. 4) Кейбір жағдайларда жастар табыс, білім немесе қызмет алудың басқа мүмкіндіктерін көрмей, өмір сүру құралы ретінде есірткі сатуға бет бұрады. 5) Кейбір жастарды толқу және заңсыз әрекеттерге, соның ішінде есірткі сатуға қатысу арқылы жаңа сезімдерді сезіну мүмкіндігі қызықтырады. Әлім Бажықбаев, облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, 24.kz сайтына берген пікірінде:

  • Ағымдағы жылдың 6 айында есірткіні сақтау, сату қылмыстарына қатысты 300 ден аса дерек анықталды. Қазіргі таңда аймақта синтетикалық есірткі қылмысы өршіп тұр. Оларды таратып пайдаланатындардың басым бөлігі жастар,- екендігін растайды.

Ақшаның артынан кеткен жасөспірім ертең темір торға кететінін ақшаның қызығына батып кетіп, кеш түсініп жатады. Ендігі қылмыстық жауапкершілікке келсек:

  • Сату мақсатынсыз – 5 жылға дейін
  • Сату мақсатында – 20 жылға дейін
  • Тарту –  20 жылға дейін немесе өмір бойы
  • Насихаттау – 6 жылға дейін тәркілеумен
  • Протон ұйымдастыру – 12 жылға дейін, тәркілеумен
  • Топпен – 20 жылға дейін немесе өмір бойы

Бұл әрине есірткінің түріне, оны қолдану аясына да байланысты жауапқа тартылады. Синтетикалық есірткінің түрлері және оның әсері мынандай:

  1. LSD: Психикалық препараттық есірткі галлюцинацияларды тудырып, қабылдау мен көңіл-күйді өзгертеді, бұл жарақатқа және қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін.
  2. Экстази (MDMA): Есірткінің ынталандырушы және эйфориялық әсерлері бар, бірақ дегидратация және жүрек проблемалары сияқты елеулі жанама әсерлерді тудыруы әбден мүмкін.
  3. Спайс (синтетикалық каннабиноидтар): Марихуананың әсерін қайталайтын бұл препараттың құрамында көбінесе белгісіз және қауіпті химиялық заттар бар, бұл оны әсіресе денсаулыққа зиянды етеді.

  Жұмысқа икеміңіз бар болса, неге қоғамға пайдалы іспен айналысп асқа? Бұрын-соңды «Жастар ресурстық орталығы» жөнінде естуіңіз бар ма? Қазірге уақытта Тараз қаласы Жастар ресурстық орталығымен бірлесе 15 жастар ұйымдары бірлесе жұмыс жасайды. Мұнда жастарды экологияға баулу мақсатында, қоқысты кәдеге жарату, сенбілік жасап қаланы таза ұстау секілді пайдалы дүниелерді жасап, түрлі науқандар ұйымдастырады. Бұл пайдалы ісіңіз үшін сізге – 70 мың көлемін де ақы төленеді. Мекенжайы: Желтоқсан 28 орналасқан. Бос уақытыңызды құр жібермей, белсенді ортада жүргіңіз келсе, онда бұл сіз үшін.

Синтетикалық препараттарды қолданудың алдын алу және онымен күресу үшін мыналар қажет:

 -   салауатты өмір салтын және саналы тұтынуды насихаттау;

 - есірткіні қолданудың зияны мен салдары туралы білім беру бағдарламалары;

-    бос уақытты тиімді өткізуге арналған түрлі орталық немесе ұйымдар;

 - құқық қорғау органдарының, медициналық мекемелердің және қоғамдық ұйымдардың есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимылы.

Егер сіз компьютерлік желілер арқылы есірткі және психотроптық заттарды сақтау, сату және тарату фактілерін, сондай-ақ оларды сақтауға арналған приборлар, граффити жазуларын салатын және оған қатысы бар адамдар туралы білсеңіз, азаматтық белсенділік таныта отырып, «Narko Shekteu Taraz» анонимді Жеделхат-боты немесе тәулік бойы 102 нөмірі арқылы хабарласуға болады. Анонимділік пен құпиялылыққа кепілдік беріледі. Егер көше де кетіп бара жатып, граффити жазумен жазылған телеграм ботын көрсеңіз фотоға түсіріп, «Narko Shekteu Taraz» ботына жіберіңіз. Сіздің көмегіңіз арқылы келесі құрбанды құтқаруға өз қол ұшыңызды беруді ұмытпаған жөн. Есірткі сату тобы сізге ешқашан тікелей көзбе-көз байланыспайды. Олар тек телеграм ботты кез келген қабырға сыртына жазып, сол арқылы арқылы клиенттер тартады. Сондықтан, есіңізде болсын – олар сені жай ғана пайдаланады!

Серікболсын СЕРПЕН,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 3 курс студенті

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар