Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Шоқан асулары» жобасы аясында ұлттың ұлы тұлғасына арналған танымдық шара өтті

«Шоқан асулары» жобасы аясында ұлттың ұлы тұлғасына арналған танымдық шара өтті
Автор
Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде «Шоқан асулары» кітапханалық жобасы аясында ұлттың ұлы тұлғасына арналған танымдық шара өткізді, деп хабарлайды arainfo.kz

Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде «Шоқан асулары» кітапханалық жобасы аясында қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы, ұлы ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына арналған «Шоқан Уәлиханов – қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыз» атты іс-шара өткізді.

Іс-шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Тарих» кафедрасының аға оқытушылары, тарих магистрлері Аида Берікқызы Альдибаева мен Рита Темірбекқызы Сентаева, сондай-ақ университет білімгерлері қатысты.

Көпшілік назарына Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұсынылды. Онда ғалымның еңбектері мен зерттеу материалдары, сирек басылымдар мен әдеби деректер көрермен назарына ұсынылды.

Шараның басты мақсаты — Шоқан Уәлихановтың өмір жолы мен ғылыми мұрасын кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың отаншылдық рухын арттыру және ұлттық тарихқа деген қызығушылығын дамыту болды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар