Таразда екі жаңа бағыт бойынша үлкен сыйымдылықтағы автобустар жүре бастайды
- author AR-AY
- Бүгін, 16:26
- 18

Облыс әкімдігінің мәліметінше, олардың 14-і №50 маршрутқа қызмет көрсетеді. Бұл бағыт Байзақ ауданының Сарыкемер ауылынан басталып, «Ауыл-Береке» базары, Төле би, Жамбыл даңғылдары, Сүлейменов, Тұрысов, Шостакович және Б.Момышұлы көшелерін қамтиды. Автобустар 13 минут сайын қатынайды.
Қалған 10 автобус №3 маршрутқа бағытталған. Бұл бағыт Шайқорық және Танты алқаптарынан басталып, «Ұлы Дала», «Арай», «Арай-2», «Бәйтерек» шағынаудандарына, сондай-ақ қалалық және облыстық балалар ауруханасына дейін жүреді. Автобустардың қозғалыс жиілігі — 12 минут.
Қазір қалада жолаушылар тасымалымен 8 мекеме айналысады. Қосымша бағыттардың ашылуы нәтижесінде маршруттар саны 43-тен 45-ке дейін артты, ал жалпы 492 автобус қызмет көрсетуде.
2024 жылы жеткізілген 155 жаңа автобустың арқасында үш жаңа бағыт (№13, 18, 41) іске қосылып, 10 маршрут толық, ал 4 маршрут ішінара жаңартылды.
2023–2025 жылдары аралығында барлығы 13 жаңа бағыт ашылды. Оның ішінде 2025 жылы – №37, 62, 31 және 50 маршруттар пайдалануға берілді.
Жыл басынан бері қалаға 47 жаңа автобус әкелінсе, бүгін жеткізілген көліктермен бірге бұл көрсеткіш 71 бірлікке жетті.