Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Айқын ақпарат адастырмайды

Айқын ақпарат адастырмайды
ашық дереккөз
Облыс әкімдігі дін істері басқармасының тапсырысымен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы дін саласындағы республикалық ақпараттық-түсіндіру топ мүшелерінің қатысуымен өңірде ақпараттық-түсіндіру шаралары өтті.

Іс-шараның мақсаты – өңірде халықтың діни сауатын арттыру, қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу.
Есепті кезеңде Тараз қаласы мен 10 ауданда 3 000 мыңнан аса адамды қамтыған барлығы 110 іс-шара өтті. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына елімізге танымал лекторлар қатысты. Олардың қатарында Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті «Әлем тарихы және дінтану» кафедрасының аға оқытушысы Мәди Бесбаев, Түркістан облысы әкімдігі дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Медет Халықов, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, PhD доктор, теолог Бауыржан Ботақараев, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Данияр Мейірбеков, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің аға оқытушысы, доцент, теолог Сержан Оразбай, «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ-ның Шымкент қаласы бойынша филиалының басшысы Дәлелхан Оспанов бар. 

А.ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар