Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Меркідегі жәдігерлер мемлекет назарында

Меркідегі жәдігерлер мемлекет назарында
ашық дереккөз
«Сапалы Өнім» ӘРБІР ӨТІНІШ БАҚЫЛАУДА Жуырда ҚР Сауда және интеграция министрлігінде 2024 жылдың бірінші тоқсанында қауіпті, сапасыз өнімді анықтау және «Сапалы Өнім» жобасын іске асыру бойынша ахуалдық штаб жұмысының қорытындысы шығарылды.

Министрліктің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті тұтынушылар тарапынан өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына көптеген шағымдар түсуіне байланысты 2024 жылы ақпанда ахуалдық штабтың іс-қимыл алгоритмін әзірлеген болатын. Алгоритм анықталған бұзушылықтарға сапалы ден қоюға мүмкіндік берді. Осылайша бірінші тоқсанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктер келіп түскен шағымдарға жауап ретінде талдау және сараптама үшін аккредиттелген сынақ зертханаларына беру үшін тұрақты негізде сүт, шұжық, кондитерлік, консервілеу, балық және өзге де өнімдерге іріктеу жүргізді. Тоқсан қорытындысы бойынша барлық өңірлерде зертханалық зерттеулерге 233 өнім жіберілді.
Зерттеу хаттамаларына сәйкес, сатып алынған 233 өнімнің 113 түрінен немесе 48,5 пайызынан таңбалау бөлігінде бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, бірқатар үлгілерде мемлекеттік тілде тауар туралы деректер жоқ. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 24-бабына сәйкес сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауар (жұмыс, қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде беруге міндетті. Егер ақпарат бір тілде немесе шет тілінде берілсе, бұл ақпарат ұсынылмаған деп есептеледі.Анықталған бұзушылықтар бойынша 34 кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды,  «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның 6-2-бабына сәйкес 8 кәсіпкерлік субъектісінің атына әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғаусыз бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар жіберілді.Өз кезегінде Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетімен, қоғамдық ұйымдармен және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп, тұрақты іріктеуге жататын тауарлардың 10 атауынан тұратын тізім қалыптастырды. Бұл іс тұтынушылар тарапынан тіркелген жиі шағымдар бойынша жүргізілді.Негізгі мақсат – тұтыну нарығына контрафактілік, бұрмаланған, қауіпті және сапасыз өнімдердің енуіне қарсы іс-қимыл жүргізу. Осы істі жүзеге асыру мақсатында «Сапалы Өнім» жобасына қатысты бірінші тоқсанда қоғамдық бірлестіктердің күшімен сапалы өнім тұтынушыларының құқықтары қоғамдық қоры құрылды.Ішкі нарықты, отандық өндірушілерді және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіруді қамтамасыз ету үшін 16 өңірде қор, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктер, отандық өндірушілер мен жергілікті мәслихаттар депутаттары арасында меморандумдар жасалды.
Нақтыланған мәліметтер бойынша, жыл басынан бері жүйеге қатысушылардың атына тұтынушылардың 11 877 өтініші келіп түскен. Бұл ретте келіп түскен өтініштер саны 2023 жылға қарағанда 203 пайызға өскен. Былтыр 5840 өтініш қабылданған. Аталған өтініштердің барлығы қаралды, Оның ішінде «еОtinish» және «Documentolog» (ОДО) жүйесі арқылы – 2 210, «Жедел желі» арналары арқылы – 798 қаралған. Сондай-ақ Комитет жанынан азаматтардың өтініштерін қабылдау және қарау бойынша Call-орталығы ұйымдастырылды. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 798 өтініш бойынша кеңес берілді.

Сауда және интеграция 
министрлігінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар