arainfo.kz...

arainfo.kz...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ел ақынын ардақтады

Ел ақынын ардақтады
Облыстық «Аq jol» газетінің бас редакторы Хамит Есаманмен «Өмірімді өлеңмен өрнектедім» атты кездесу кеші өтті.

Жуырда Тереңөзек ауылындағы №15 Жамбыл атындағы орта мектепте «Жомарт түлек» жобасы аясында білім ошағының түлегі, халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты, республикалық «Алтын тобылғы» әдеби конкурсының бас жүлдегері, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының төрағасы, облыстық «Аq jol» газетінің бас редакторы Хамит Есаманмен «Өмірімді өлеңмен өрнектедім» атты кездесу кеші өтті. 

Талантты  ақын Хамит Есаманның шығармашылық әлемі мен өнегеге толы өлеңмен өрілген өмір жолын оқушыларға таныстырып, жас ұрпақтың бойына адамгершілік асыл қасиеттерді сіңіріп, патриоттық рухта тәрбиелеуді мақсат еткен кешті мектеп директоры Эльмира Закимбаева құттықтау сөзбен ашты. 
Ал мектеп оқушылары ақынның балалық шағы туралы әсерлі сахналық көрініс қойып, көпшіліктің ерекше ықыласына бөленді. Әсіресе Хамит ақынның рөлін сомдаған оқушы сахнадағы шеберлігімен таңдай қақтырды. Сонымен қатар оқушылар кеш барысында күмбірлетіп күй тартып, әуелете ән шырқады. Мектептің мақтаныштары Нұрдәулет Сағаділдә мен Жәния Амангелді халық әндерін сызылта орындап, тыңдарманның құлақ құрышын қандырды. Кеш қонағының өмір жолын арқау еткен бейнеролик пен «Өнер жолы – өмір жолы» атты баяндама да әсерлі шықты. 
Кеш соңында Хамит Есаман сөз алып, алтын ұя мектебінің ұстаздары мен оқушыларға риясыз алғысын білдірді.
Ауыл ақсақалы, ардагер ұстаз Кеңес Дабылбеков Кеңес талантты ақынға ақ батасын беріп, шығармашылық табыс тіледі.

Шапағат ӘБДІР,
Т.Рысқұлов ауданы

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар