arainfo.kz...

arainfo.kz...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Дзюдошыларымыз әлем чемпионатында топ жарды

Дзюдошыларымыз әлем чемпионатында топ жарды
Ел тарихында тұңғыш рет есту қабілеті төмен спортшылар арасында дзюдодан әлем чемпионаты өтті. 12 сәуір күні Түркістан қаласында жалауын желбіреткен байрақты бәсекеге 21 мемлекеттен 150-ге жуық спортшы қатысты.

Ұлттық құрама сапында ел намысын облыс әкімдігі денешынықтыру және спорт басқармасына қарасты дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының 4 спортшысы қорғады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шеберлері, жазғы Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері Айдос Түгелбаев, Анна Краморова, Фериде Караоглы және спорт шебері Айгерім Абишова сынды спортшылар өнер көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы 5 алтын, 6 күміс және 5 қола жүлдемен жеңіс тұғырының екінші сатысынан көрінді. Ерлер арасында командалық жарыста ұлттық құрама I орынға, әйелдер құрамасы III орынға ие болды. Сонымен қатар Қазақстан құрама командасы Ката бағдарламасында жеңімпаз атанды. Оның ішінде жамбылдық спортшылар жекелей 
2 күміс, 1 қола медальға, командалық жарыста ерлер арасында 1 алтын және әйелдер арасында 2 қола медальға қол жеткізді. 
Тарқата айтсақ, ерлер арасында 90 келіде Айдос Түгелбаев жекелей 
II орын, командалық жарыста I орынды қанжығасына байлады. Әйелдер арасында 52 келіде бақ сынаған Фериде Караоглы жекелей III орынды иеленді. Ал 78 келіде өнер көрсеткен Анна Краморова жекелей II орын, командалық жарыста III орынды қанағат тұтты. 57 келі салмақ бойынша додаға түскен Айгерім Абишова командалық жарыста III орын иеленді.
16 сәуір күні Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде әлем чемпионатының жеңімпаздарын салтанатты жағдайда қарсы алу рәсімі өтті. Іс-шара барысында облыс әкімдігі денешынықтыру және спорт басқармасының денешынықтыру және спортты дамыту бөлімінің басшысы Назарбек Ізімбетов жарқын жеңіске қол жеткізген спортшылар мен олардың жеке бапкерін құттықтады. Сондай-ақ дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының директоры Саттар Бейсембаевқа алғысын білдірді.
Жоғары жетістікке жеткен спортшыларға «Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамы облыстық филиалы директорының орынбасары Нуриддин Джума-Ахунов демеуші болып, қаржылай сертификаттар табыстады. 

Жұлдызай МҰСАЕВА,
М.Х.Дулати атындағы
Тараз өңірлік 
университетінің
 4-курс студенті

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар