arainfo.kz...

arainfo.kz...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ажары ашылған Ақсай

Ажары ашылған Ақсай
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен кезекті брифингке Жуалы ауданы, Ақсай ауылдық округінің әкімі Мақсат Мәтен қатысып, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады.

Ақсай ауылдық округіне қарасты 2 елді мекенде жалпы 529 аула болса, халық саны – 3 153. Округте 2 орта мектеп, 3 балабақша, Б.Момышұлы атындағы мұражай, медициналық пункт, кітапхана, ветеринариялық пункт халыққа тұрақты қызмет көрсетуде. Сондай-ақ Қайрат ауылында 1 мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде.
Округтің жер көлемі – 34 817 гектар. Ауылшаруашылығы алқабы 6 582 гектарды құраса, 4 946 гектары егістік, 1 969 гектары жайылым және 150 гектары шабындық жер. Ауылдық округте 4 567 мүйізді ірі қара, 4 325 қой-ешкі, 1073 жылқы және 4 180 құс тіркелген. 
– Ауылшаруашылығы саласын қолдау бағытында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар аясында өткен жылы 4 шаруа қожалық «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы арқылы лизинг жүйесімен 4 трактор, 5 тіркеме алды. Мұнан бөлек 4 шаруа қожалық жаңбырлатып суғару қондырғысын сатып алып, игілігін көруде.
Қазір көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағамен бөлінген жанар-жағармайды (литрі – 194 теңге) округтің 65 шаруа қожалығы алып, қажеттіліктеріне жұмсауда. Жауапты науқанды өткізуде ешқандай мәселе жоқ. 
Жалпы округ бойынша 334 жеке кәсіпкер, 4 заңды тұлға, 6 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 156 шаруа қожалық тіркелген, –
деді М.Мәтен.
Брифинг барысында окург әкімі әлеуметтік қамсыздандыру бойынша атқарылған жұмыстарға да тоқталды. 
– Атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша өткен жылы 28 отбасындағы 142 адамға 13 715,2 мың теңге көмек берілді. «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында шаруа қожалықтар мен мемлекеттік мекемелер арқылы 124 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған болатын. Халықты жұмыспен қамту ісі жүйелі жүргізіліп, нәтижесінде 134 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды, –  деді Мақсат Мейірбекұлы.
Баяндамашы жастарды қолдау бағытында да жоспарға сай жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Округте 14 пен 35 жасқа дейінгі 615 жас бар. Өткен жылы 10 азамат әскер қатарына шақырылыпты. Осылайша жоспар 100 пайызға орындалған. 
Округке қарасты елді мекендердегі 529 ауланың 528-і көгілдір отын пайдаланып отыр. Бір отбасының үйіне газ кіргізу үшін аудан әкімдігінің жұмыспен қамту бөлімі тиісті құжаттарды жинақтап жатыр екен. Аудандық газ тарату мекемесі арқылы биыл Қайрат ауылының А.Байтұрсынов көшесіндегі газ құбырларын жаңғырту жоспарланған. Сондай-ақ ақсайлықтар 100 пайыз таза ауызсу тұтынып отыр. 2024 жылы Қайрат ауылының ауызсу жүйесін жаңартуға қаржы қарастырылыпты. 
– «Асар» бағдарламасы аясында Қайрат ауылындағы көпбалалы жас отбасының үйі жөндеуден өтті. Диқан ауылының имамы Жәнібек Жұматаевтың үйінің құрылысы басталып, шатыры жабылды. Биыл аяқталады. 
Диқан ауылындағы «Диқан» мешітінде 120 келушіге арналған асхана пайдалануға берілді. Тұрғындардың және ауылдан шыққан азаматтардың демеушілігімен «Қайрат» мешітінің алдына және елді мекен аумағына қылқанжапырақты және декоративтік ағаштар егілді. 
Қайрат ауылындағы Бауыржан Момышұлы саябағының аумағы абаттандырылып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Ақсай ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің кабинетіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толықтай жабдықталды. 
Мектеп бітіруші түлектер мен ауыл жастарының демеушілігімен көкпар алаңы тегістеліп, мемлекеттік жер актісі дайындалды, – деген Мақсат Мейірбекұлы игілікті іске атсалысқан ауыл азаматтары мен жастарына алғысын айтты.

Айжан ӨЗБЕКОВА

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар