– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде алдағы уақытта ашық алаң орталығын құруды жоспарлап отырмыз. Мақсат – білім саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету және ата-аналар мен қоғамның пікірін тыңдап, мектеп пен ата-ананың, ата-ана мен мұғалімнің арасындағы байланысты нығайту, – деді Рауан Нұрғалиұлы.
Кездесу сұрақ-жауап форматында өтіп, журналистер мен қоғам белсенділері саладағы өзекті мәселелерді көтеріп, басқарма басшысына сауалдарын жолдады. «Жер-ана» ауыл фермерлері» корпоративтік қорының төрайымы Роза Мұсабаева Байзақ ауданындағы бастауыш сынып оқушыларының улануы бойынша қандай шара қолданылғанын сұрады.
Рауан Садырқұлов арнайы жұмысшы топ құрылып, Байзақ ауданындағы барлығы 37 мектептегі оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру жұмыстарына зерделеу жүргізіліп, қорытындысы білім басқармасы басшысының жанындағы кеңесте қаралыпты. Нәтижесінде 20 мектеп директорына тәртіптік шара қолданылғанын және мектеп оқушыларының ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру жұмыстарына бақылауды әлсіреткені үшін Байзақ аудандық білім бөлімінің жауапты маманы Р.Сәбитбековаға «сөгіс» түріндегі тәртіптік шара қолданылғанын айтты.
Кездесу барысында Рауан Нұрғалиұлы әрбір қойылған сұраққа ашық жауап беріп, айтылған әрбір ұсыныс бойынша тиісті жұмыстар атқарылатынын жеткізді.
Шапағат ӘБДІР