arainfo.kz...

arainfo.kz...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«КӨЛЕҢКЕЛІ» ЭКОНОМИКА көсегемізді көгертпейді

«КӨЛЕҢКЕЛІ» ЭКОНОМИКА көсегемізді көгертпейді
ашық дереккөз
«КӨЛЕҢКЕЛІ» ЭКОНОМИКА көсегемізді көгертпейді
Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Дәурен Мамытов баспасөз мәслихатын өткізді. Қаржы мониторинг органдарының негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қорғау. Департамент қызметінің басым бағыты – «көлеңкелі» экономикаға қарсы күрес, яғни экономикалық қылмыстардың алдын алу, ашу және жолын кесу. – Аталған қылмыстардың түрі баршаңызға мәлім – бұл акцизделетін өнімдердің және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы, заңсыз ойын-сауық бизнесі, қаржы пирамидалары. Мәселен, тауарды сатып алу кезінде сатушылардың чек бермеуі тұтынушының қорғанысына залал келтіріп қана қоймай, «көлеңкелі» экономиканың өсуіне ықпал етуде. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, облыста «көлеңкелі» экономиканың үлесі 2022 жылы 25,2 пайызды құраса, өткен жылы көрсеткіш 2,1 пайызға азайып, 23,1 пайызды құрады. Осы бағытта департамент облыстық кәсіпкер палатасымен бірлесе ай сайын кәсіпкерлер мен уәкілетті органдардың қатысуымен акцизделетін өнімдердің және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы, заңсыз ойын-сауық бизнесі, қаржы пирамидалары тақырыптары бойынша «дөңгелек үстелдер» мен іс-шаралар ұйымдастырып келеді, – дейді Дәурен Мамытов.

Нұрсезім ЖАРҚЫНБЕК, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4-курс студенті

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар