Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Білім саласындағы әлеуетті көшбасшылар анықталды

Білім саласындағы әлеуетті көшбасшылар анықталды
Ашық дереккөз
Тараз қаласында «Білім беру саласының әлеуетті көшбасшысы» тақырыбында өңірлік байқау өтті. Білім беру саласындағы еңбек өтілі кемінде бес жыл, негізгі жұмыс орны білім беру мекемесі болып табылатын 50-ден астам педагог, әдіскер мен мектеп директорының орынбасарлары қатысқан байқаудың ашылу салтанатына облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты.

 Ербол Шырақпайұлы өз сөзінде бүгінде сапалы білім беру қоғам мен мемлекет дамуының басты тетігі екендігін атап өтті. Аталған конкурс орта білім беру саласында кәсіби құзыреттіліктері мен көшбасшылық қасиеттері жоғары деңгейде қалыптасқан педагогтарды анықтауға негізделген. Айта кетейік, өткен жылы еліміздің педагогтары арасындағы «Білім берудегі жаңа өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы аясында республикалық кадр резервіне 7 жамбылдық педагог қабылданған болатын. Олар конкурссыз тікелей өздері қызмет етіп жүрген аумақтағы мектептерге басшы лауазымына тағайындалды.

Төрт кезең бойынша өткен конкурстың финалына 15 педагог іріктеліп шықты. Қатысушыларды бағалаған қазылар құрамына облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев, облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұлов, білім саласының ардагерлері – Гибнер Александр, Айша Ниязбекова, облыстық қоғамдық кеңестің хатшысы Жанар Орынбаева, «JAMBYL» телеарнасының директоры Гүлбаршын Құланбаева және арнайы бақылаушы-сарапшылар тобы жұмыс істеді. Байқау қорытындысы бойынша «Үздік әлеуетті көшбасшы» номинациясына Өміржан Сқақов лайық деп танылды. «Үздік стратег» номинациясы бойынша Рауан Ошақбай топ жарды.

Сондай-ақ Гаухар Алтынбекова «Үздік рационализатор», Ақбөпе Піспекова «Үздік мотиватор», Айнұр Сапарбаева «Үздік оратор», Әлібек Байболатов «Ақпараттық-коммуникациялық технология шебері» номинациясы бойынша марапатталды. «Форсайт стратегияның шебері» номинациясы Гүлсезім Мәндібетке бұйырды.

Ал Нағима Аманова «Дидактиканың шебері», Гүлжан Түлебаева «Креативті көшбасшы», Айнаш Төлеубаева «Командалық жұмыстың үздік көшбасшысы» номинациясын еншіледі. Номинацияға ие болған және байқаудың финалына өткен барлық 15 педагогке ақшалай сертификаттар табысталды. Олар үшін арнайы оқыту курстары ұйымдастырылатын болады. Байқау алдағы уақытта да жалғасын табады. Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар