Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Біз зорлық - зомбылыққа қарсымыз !

Біз зорлық - зомбылыққа қарсымыз !
Ашық дереккөз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында балалар мен жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, қоғамдық ортада буллиңге тап болғандарға көмек көрсету керектігіне ерекше назар аударған болатын.

Жақында буллиң және кибербуллиң туралы мол мағлұмат беріп, қазіргі заман «кеселінің» адам өміріне тигізетін зардабын түсіндіру мақсатында «Тараз-Ғасыр» колледжінде облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын!» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Жиынға Тараз қалалық полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Анар Бекзатқызы, облыстық жастар ресурстық орталығының уақытша бос жүрген жастар және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің басшысы Марал Хантөреқызы және психолог маман Нұрай Үсенқызы қатысты.

Кездесуде зорлық-зомбылық құрбандарының құқықтарын қорғау, тұрмыстық озбырлықтың алдын алу, отбасылық қатынас, әйелдер мен ерлер арасындағы мемлекеттік құқықтар мен міндеттердің тең болуы, аналар мен балаларды заңды қорғау мәселелері талқыланды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, елімізде бір жыл ішінде 500-ге жуық әйел мен бала тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болады екен. Жиында сөз алған Марал Хантөреқызы іс-шараның маңыздылығына тоқталды. – Бүгінгі қоғамның басты дертінің бірі – тұрмыстағы зорлық-зомбылық.

Маскүнемдік, жұмыссыздық, әлеуметтік жағдайдың төмендігі мен қызғаныш сипатындағы түсініспеушіліктің салдарынан орын алатын оқиғалардан көп жағдайда әйелдер қауымы жапа шегеді. Соңғы жылдары тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі құқық қорғау органдары мен халықтың назарын аудара түсті. Сол үшін бүгінгі кездесудің маңызы ерекше. Біз осы бағыттағы жұмысымызды жүйелі түрде жалғастыра береміз, – деді М.Хантөреқызы. Тренинг аясында зорлық- зомбылықты тамырымен жою мәселесі қозғалып, қатысушылар өзара пікір алмасты.

Аружан МЕРКІБАЙ,

М.Х.Дулати атындағы

Тараз өңірлік университетінің 4-курс студенті

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар