Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ат қоюдың астарында көп сыр бар

Ат қоюдың астарында көп сыр бар
Ашық дереккөз
Қазақтың тілі әлемдегі ең бай әрі шұрайлы тілдердің бірі екені жасырын емес. Себебі бір сөзінің бір емес, бірнеше баламасы бар. Ті әліпби (алфавит) бойынша да Жер шарындағы әріптері көп халықтардың алдыңғы қатарында екенбіз. Және әр адамға қойылған есімдердің де өзіндік себебі мен мағынасы әртүрлі. Бұл енді бөлек әңгіме.

 Негізгі тілге тиек еткім келгені – халқымыздағы адам аттарының көптігі жайлы. «Неге?» десеңіз, өзімнің ерінбей зерттеуімше, бір есімнен екі есім шығады және бір-біріне ұқсастары да көп. Бұл бәріміз үшін керек әрі қызық дерек. Олай болса, соларды бірге біліп, бірге саралап көрелік. Ахметжан – Жанахмет, Асылбек – Бекасыл, Айдарбек – Бекайдар, Аманжол – Жоламан, Айымгүл – Гүлайым, Арман – Манар, Айнұр – Нұрай, Айжан – Жанай, Әділбек – Бекәділ, Әлішер – Шерәлі, Бектұрсын – Тұрсынбек, Бекнұр – Нұрбек, Байсерке – Серкебай, Баймұрат – Мұратбай, Байтұрсын – Тұрсынбай, Болатбек – Бекболат, Бекназар – Назарбек, Байкенже – Кенжебай, Баймырза – Мырзабай, Бибінұр – Нұрбибі, Гүлнұр – Нұргүл, Назгүл – Гүлназ, Назерке – Еркеназ, Назарбай – Байназар, Нұржан – Жаннұр, Данагүл – Гүлдана, Мәншүк – Шүкмән, Сейітжан – Жансейіт, Сұлтанбек – Бексұлтан, Сейітбек – Бексейіт, Жұмабай – Байжұма, Жандос – Досжан, Жанғали – Қалижан, Күмісай – Айкүміс, Қалибек – Бекқали деп тізбектеліп кете береді. Бұл жағынан өзге ұлттарда қандай екендігін қайдам?.. Ол өздеріне ғана мәлім. Ал енді түбірі бір болғанымен бірнеше есім шығатын аттарға да тоқталып өтейік. Алтынбек – Алтынхан – Алтынбай – Алтынай – Алтынкүл, Ақылжан – Ақылбай – Ақылбек, Ақмаржан – Ақмарал – Ақжігіт – Ақжүрек – Ақтөре – Ақниет – Ақбота – Ақтоты – Ақбаян – Ақбілек – Ақнұр, Айдана – Айсара – Айсұлу – Айжамал – Айсұлтан – Айгүл – Айнұр – Айша – Айбек – Айзат, Асқаржан – Асқарбек, Әбілмансұр – Әбілқайыр – Әбілахат – Әбілсейіт – Әбілқасым – Әбілхалық – Әбілхан – Әбілда, Бақытжан – Бақытхан – Бақытбек – Бақытқали, Батырхан – Батыржан – Батырбек, Бақдәулет – Бақберген – Бақтыбай – Бақтыбек – Бақтықожа – Бақтияр, Боранбай – Боранкүл, Гүлбаршын – Гүлжаһан – Гүлбахрам – Гүлжамал – Гүлдана – Гүлбану – Гүлфайруз – Гүлжан – Гүлзат – Гүлнар – Гүлсім – Гүлден, Орынбасар – Орынғали – Орынбай – Орынтай – Орынбек – Орынкүл, Нұрлыбай – Нұрлыхан – Нұрлыбек, Мейірхан – Мейірлан – Мейірман – Мейіржан – Мейірбек – Мейірім, Молдахан – Молдабай – Молдабек, Мырзахан – Мырзабай – Мырзатай – Мырзабек, Мұсахан – Мұсабай – Мұсатай – Мұсабек, Нұрсұлтан – Нұрсейіт – Нұрдәулет – Нұрболат – Нұрғали – Нұрғазы – Нұралы – Нұрасыл – Нұрғиса – Нұрбақыт – Нұргелді – Нұртілеу – Нұрсейіт – Нұржамал – Нұрила – Нұрзина – Нұрсипат – Нұртай – Нұрхат – Нұрсәт, Тұрсынхан – Тұрсынбай – Тұрсынбек – Тұрсынжан –Тұрсынкүл, Қайырхан – Қайыржан – Қайыртай – Қайырбек, Сабырхан – Сабыржан – Сабырбай, Иманғали – Имантай, Исағали – Исатай – Исахан – Исабек, Ұлтуған – Ұлдана – Ұлбала – Ұлбосын – Ұлбике – Ұлмекен – Ұлжалғас – Ұлжан – Ұлтай, Сағынғали – Сағынбек – Сағынтай – Сағыныш, Сейдімбек – Сейдімкүл, Сәрсенғали – Сәрсенбай – Сәрсенбек – Сәрсенкүл, Еркеғали – Еркебұлан,Құрманғазы – Құрманғали – Құрманбай – Құрманай – Құрманбек – Құрманқұл – Құрманкүл, Сайлаухан – Сайлаубек – Сайлаукүл, Мейрамбай – Мейрамбек – Мейрамкүл, Лесбек – Лесхан, Пернебай – Пернебек – Пернекүл, Оралхан – Оразхан, Қуаныш – Қуандық – Қуантай, Ұлықбек – Ұлықпан, Несіпбай – Несіпбек – Несіпкүл, Темірхан – Темірбай – Темірбек, Жұмағали – Жұмабай – Жұматай – Жұмахан – Жұмабек – Жұмаділ – Жұмакүл – Жұмабике, Жарқынбек – Жарқынай, Қарашаш – Қаракөз, Төрехан – Төребай – Төребек – Төреқұл – Төреғали – Төрегелді – Төреәлі, Райхан – Райкүл, Жаңаберген – Жаңабай – Жаңабек – Жаңагүл, Сапарғали – Сапарбай – Сапарбек – Сапарәлі – Сапаркүл, Қыдырбай – Қыдырбек – Қыдырәлі, Жеңісхан – Жеңіскүл, Ержан – Ерхан – Ерзат – Ербол – Ердос – Ермек – Ергеш – Ернұр – Ертай – Ерік деген сияқты мысалдарды көптеп келтіруге болады. Енді бір ғана әріптері өзгергенмен бір-біріне ұқсас есімдердің де бірнешеуін тізіп көрейік, Абай – Арай, Айдар – Айбар, Айжан – Айман, Аймен – Айкен, Анар – Ажар, Асан – Ақан, Алмаз – Алмат, Асанбай – Асаубай, Айтолқын – Ақтолқын, Алина – Ализа. Әріпбай – Кәріпбай, Әсет – Әсем – Әсел, Балтабай – Балғабай, Баймахан – Шаймахан, Байғали – Айғали, Бағила – Бағира – Зағира, Қайсар – Қайнар, Мағжан – Маржан; Жанар – Манар, Мұртаза – Нұртаза; Есмахан – Ермахан. Ермұхан – Есмұхан. Қарасай – Қаратай – Қарабай. Камал – Жамал – Самал, Гүлшара – Гүлшира, Гүлмира – Гүлзира – Гүлзина, Мәулен – Мәрлен, Зарина – Дарина, Мадияр – Шадияр, Мадина – Медина, Сәттібай – Тәттібай, Сейсен – Бейсен, Нұрлан – Нұрман – Нұржан – Нұрхан, Жәния – Сәния, Берік – Серік, Күләш – Күлән, Есет – Есен – Есей, Ғазиза – Азиза, Жансая – Саяжан, Нартай – Сартай, Қалихан – Қалижан, Нұрмаханбет – Тұрмаханбет, Әзімбек – Әлімбек – Әшімбек, Көкен – Көпен, Досан – Қосан, Эльмира – Эльвира, Дәуір – Зәуір, Бәкір – Зәкір, Гауһар – Жауһар, Зәбира – Сәбира, Сәкен – Сәмен, Дина – Зина, Дария – Шария, Жазылбек – Фазылбек, Дархан – Шархан, Дәулет – Сәулет, Қанат – Манат – Жанат, Кәмилә – Жәмилә, Жүсіпбек – Түсіпбек, Жапар – Қапар – Қапаш, Еркін – Ерсін, Ерлан – Ерман, Ержан – Сержан, Хамит – Халит, Хәлима –Сәлима, Самал – Санат, Қали – Ғали – Жали, Марат – Махат – Масат, Рахима – Рахила, Қали – Жали, Ғани – Ғали, Саят – Саян, Мұрат – Мұхат, Медет – Меден – Медеу, Мирас – Мираш, Фарида – Фариза, Жазира – Назира – Назима, Секен – Бекен – Бекет, Ринат – Зинат, Замира – Дамира, Рысқұл – Рыскүл. Бұл тізімдерді жалғастыра беруге болатын еді. Бірақ менің басты мақсатым ол емес, әрине. Біз тіліміздің байлығымен де, есімдеріміздің көптігімен де қуануымызға болатындығын айта кеткім келді. Міне, қазақ халқында адам аттары көптігінің бір себебі осында. Кірме аттарды қоспағанда, әлі де осындай және бір-біріне ұқсамайтын түрлі есімдер де жетерлік. Дегенмен бір өкініштісі, соңғы кездері ұл-қыздарымызға көбінесе бізге жат болса да шетелдіктердің есімдері қойылып жатқандығын естіп те, көріп те жүрміз. Егер біз осылай жалғастыра беретін болсақ, еліміздің егемендігі мен келешегіміздің жарқын болуы үшін қандары мен терлерін төккен ата-бабаларымыздың, асыл аналарымыздың киесі мен мағынасы зор есімдері санамыздан ұмыт қалмасына кім кепіл? Және біз өзге мемлекеттерге барғанда өзімізге лайықты есімдеріміз де еліміз бен ұлтымызды айшықтай түскені жақсы емес пе? Сондықтан «жаңа ғасыр» деп орынсыз еліктей бермей, сәбилерімізге ат қоярда жаңылмастан көп ойланып барып, яғни өзімізге тән есімдерді таңдағанымыз жөн болар еді. Сіз не дейсіз, зерделі оқырман?

Бақытжан Әліқұлов,

ақын-журналист

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар