Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«Менің Қазақстаным» – тәуелсіз елдің рухты ұрпағы

«Менің Қазақстаным» – тәуелсіз елдің рухты ұрпағы
Автор
Республика күніне орай облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығында «Менің Қазақстаным» атты тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.

Жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру, туған жер мен елге деген сүйіспеншілікті арттыру, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін дәріптеу және ұлттық құндылықтарды насихаттауды мақсат еткен іс-шара барысында оқушылар еліміздің Тәуелсіздік тарихына шолу жасап, Қазақстанның Мемлекеттік Рәміздері мен ел бірлігінің маңызы жөнінде өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, жас өнерпаздар жүректерінен шыққан өлеңдерін оқып, туған елге деген сүйіспеншіліктерін жырлары арқылы әсерлі жеткізді.

Кештің бағдарламасы аясында жас өнерпаздар өз өнерлерін ортаға салды. Айша Сұлтанхан «Менің Қазақстаным» әнін орындаса, Мансұр Әлишев пен Ержігіт Ораз, сондай-ақ Зәкір Ерасыл күй тартып, көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды. Ал кештің қорытындысында Нұрай Есмағанбетова «Атамекен» әнін шырқап, шараның шырайын кіргізді.

Айта кетейік, іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне үйірме жетекшілері Дидар Апбасов пен Әбілқайыр Сәрсен зор үлес қосты. Олар оқушылардың дайындығын үйлестіріп, олардың өнерін көпшілікке паш етті.

Фариза КЕНЖЕБАЕВА,

облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер
орталығының «Қоғаммен байланыс және айтыс
өнерін дамыту» бөлімінің меңгерушісі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар